Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4625 4 пікір 28 Қаңтар, 2020 сағат 10:20

Қытайға не болады?

2002 жылы Қытайдың Гуандун аймағында белгісіз өкпе қабыну ауруынан фермер ауруханаға түседі. Артынша ол көз жұмды. Бұл оқиға жайында тек қана Қытай билігі құлағдар болған еді. Алайда бірнеше күннің ішінде тағы сондай синдроммен ауруханаға түсушілер саны артты. Бұл ғылымға белгісіз SARS вирусы болатын.

Вирусты Қытай билігі жасырып, халықаралық қауымдастыққа айтпауға тырысты. Алайда әлемнің өзге халықтары Қытайға барып, індетті жұқтырғаннан кейін, БҰҰ дабыл қақты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы іске кірісті. Жалпы жиынтығы бұл вирустан әлемнің 37 елінде 9 мыңнан астам адам ауырып, 775 адам көз жұмған болатын. Бұл ауырғандардың 9% құрайды.

Енді міне жаңа вирус пайда болды. Тағы Қытайда. Бұл жолы да Қытай билігі біраз уақыт вирусты жасырып, инвестиция мен туристік ағымды азайтпау үшін барын салғаны анық(сияқты). Енді не болмақ?

Тәжвирусы Қытай экономикасына соққы жасары анық. Өйткені вирус 2002 жылмен салыстырғанда таралу жылдамдығы жоғары болмақ. Оған 18 жылдың ішінде іске қосылған сансыз әуе рейстері, көлік жолдары мен жылдам поездар, су жолдары әсер етпек. Ал ең бастысы вирус Қытай Жаңа Жылымен тура келіп тұр. Қазір Қытайдаң ішінде миллиондаған адам үйіне, туыстарына, оқудан қайтып, өз ауылдарына аттанды. Жабық режим жүйесі жарияланғанға дейін жұқтырып үлгергендері де бар болуы ғажап емес. Сондықтан вирус Қытайдың барлық аймақтарына таралып кеттеді деп санаймын. Қазірдің өзінде біраз провинциясында анықталды. Дәл осындай қарқынмен әлемге де таралуы мүмкін. Өйткені елшілік қызметкерлері, кәсіпкерлер, инвесторлар, туристер, студенттер Қытайдан табан жалтыратудың амалын іздеп жатыр. Олардың арасында да, бірлі-жарым жұқтырғандар болады. Міне, солар Алты құрлыққа да ажал індетін ала барады.

Қытай экономикасы жыл сайын Қытай Жаңа жылын тамашалауға келетін туристермен толығып қалатын. Биыл ол жоқ. Керісінше туркомпаниялар алдын-ала брондап қойған қонақүйлерді кері қайтарып, шығын шегуде. Әлемдік кинопремьералар да кейінге қалып жатыр. Олда соққы. Ең бастысы SARS-тан кейін тағы вирустың қайталануы инвесторларды ойландырары анық. "Ақша тыныштықты сүйеді" принципін ұстанатын олар, қауіпсіз жаңа жерді іздей бастауы ғажап емес. Әрине, ол жердің арзан жұмыс күші болуы міндетті. Мысалы Үндістан Қытайды алмастыра алады деп ойлаймын.

SARS вирусынан Қытай 32 млрд доллар шығын шеккен еді. Мынадан қанша болуы мүмкін? Экономистер есептей жатар.

Вирустың шығуы АҚШ-Қытай сауда соғысы мен адам құқығы бойынша қарама-қайшылық кезеңіне сәйкес болды. Қазірдің өзінде "бақылаудан шыққан биологиялық қару" деген көзқарас бар. Әрине жаңсақ я жала болуы ықтимал. Дей-тұра күн сайын өскен синофобтық әлемде осы жорамалды Қытайға қарсы қолданып, телеарна арқылы деректі фильмдер көрсетіп, "дәлелдеп", Қытайға санкциямен соққылап тастауға болады. Өткен жылы Қытай экономикасының өсімі бәсеңдеп, алғаш рет 1990 жылғы өсімге тең болды. Мына вирус оны тағы да артқа шегіндіріп тастауы мүмкін.

Қытай қазір үлкен қиындыққа тап болды. Ол ең алдымен халқының алдындағы сенімді жоғалту қиындығы. Вирусты жылдам әрі үлкен шығынсыз ауыздықтаса, онда бұл қиындықты жеңе алады. Ал керісінше болса, онда наразы халық саны артады. Ол өз кезегінде Гонконг, Шанхай мен Макаоға, ар жағында Тайваньға әсер етеді(деп ойлаймын).

SARS вирусы Қазақстанға келмеген еді. Қытайдағы қазақтар да ауырмаған деп оқыдым. Мына вируста қазаққа зиян келтірмесін деп тілеймін.

Асхат Қасенғалидың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407