Жексенбі, 10 Мамыр 2026
Жаңалықтар 4418 6 пікір 28 Қаңтар, 2020 сағат 13:15

Ресей премьері Мишустин Алматыға келеді

Жуырда ғана Ресей премьер-министрі қызметіне кіріскен Михаил Мишустин Алматыға келеді. Ол 31-қаңтарда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады.

Тараптар бірлестіктің жұмысы, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және ұлттық валюталарды қолдану ауқымын кеңейту мәселелерін талқылайды.

- Бірінші кезекте ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілерді жоюға, ұлттық ақпараттық жүйелерді біріктіруге, кедендік реттеу саласында өзара әрекеттесуге және жалпы одақтық нарықты қалыптастыруға баса назар аударылады, - делінген Ресей үкіметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен, 31-қаңтар күні Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь және Арменияның премьер-министрлері Алматыда бас қоспақ. Сондай-ақ, бұл жаһандық экономика форумына Әзірбайжан, Өзбекстан және Молдова үкімет басшылары да қатысады.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2296
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1679