Ресей арандатушылық әрекеттерге барып отыр
Қазақ тілділердің жартылай қос тілділігі Ресей билігіне еліміздегі орыс тілділер санын арттыру үшін қажет бола бастады. Қазақ билігі РФ сыртқы барлауы айдап салған қазақ тілінің пайдасына шешіле бастаған «Еліміздегі тілдік ахуалға» қатысты орыс саясаткерлері мен саяси сарапшыларының қиыннан қиыстыратын «саяси арандатушылық әрекеттерінің кеңінен өрістей түсуіне» кең мүмкіндік беріп алды. Ресми мінберлерден Елімізде орын алды-мыс дейтін «Қос тілділік» ұғымына қатысты қазақтардан «бір нәрсе» жымысқылықпен жасырылып отыр. Ол «Билингвалық (екі тілде) жаза және сөйлей білу көрсеткішінің» нақты дерегі. Тәуелсіздік алғаннан бері жүргізілген 1999 және 2009 жылдардағы қос санақта титулды ұлттан осы мәселе жасырылды. Ресей барлауы ебін тауып қазақ тілді бір тілділік орнамау үшін 2019 жылғы санақты болдыртпай тастады.
Қазақ елінде орысша да, қазақша да бірдей қиналай өз ойын қағазға түсіріп жаза білетін адам саны 500 көлемінде ғана сол үшін қос тілді мемлекетпіз деп айтуға еш себеп жоқ. Тек бір тілді – орыс тілді азшылық пен бір тілді қазақ тілді көпшілік қана бар.
Біз үшін орыс тілді қазақ жоқ. Қазақша сөйлей алатын бірақ, жаза және оқи алмайтын, оқи және сөйлей алатын бірақ жаза алмайтын деп екі топқа бөлінетін қандастарымыз бар. Бұл топты дәл осындай дәрежеде тілімізді меңгерген өзбек, тәжік және ұйғырлар мен түрік, дүңгендер толықтырады. Ал, еуропалық ұлттың өкілдері өлсе тіліңді үйренбейтін орыс тілді бір тілділікті ұстанушылар болып табылады. Сол себепті орыс тілді қандастарымызды нағыз орыс тілділерден айыра білуіміз керек. «Шала қазақ» деген сөзді айтқанның сағы сынсын. Бұл ұғым орыс барлауының Тәуелсіздіктен кейін «Бөліп ал да, билей бер» деген саясатпен ішімізге іріткі салу үшін қасақана енгізген түсінігі. Қазақ тілділер бұл алдауға түсіп, қандас бауырын сыртқа тебе бастады.
Қазақстанда қазақ тілін үш түрлі деңгейде меңгерген қазақтар мен түркі тектестер және мұсылман дүңгендер ғана бар. Оның басым бөлігін қазақша сөйлей де, жаза да, оқи да алатын титулды ұлттың өкілдері құрайды.
Осы орайда таза қазақ тілділердің қос тілділігі тек сөйлеу мен оқу да ғана екенін ҚР статистикалық комитеті ескермейді. Қазақ тілді қазақ үшін орыс тілі екінші ана тілі емес, өйткені, қазекең тілді білгенімен орысша жаза алмайды. Жазушылар Одағына мүше болатын 500-ге жуық қазақ тілді қаламгеріміздің тек 3-4 ғана орысша да, қазақша да өз шығармасын жаза алады. Мысалға Айгүл Кемелбаева. Белгілі қаламгер қазақша шығармасын орыс тіліне ешкімнің көмегінсіз өзі аударып жүр. Бұл зиялы ортадағы жағдай. Ал, қарапайым халық орыс тілін амалсыздың күнімен «Старший братқа» жалтақтаған биліктің кесірінен «әзірше» қолданады. 1-29 жас аралығындағы елдің 60% құрайтын жастардың 85% көрсеткіштегі қазақ тілді жастары латынға көшсе, қазақты бұрынғыдай билеп төсей алмайтынын білген РФ сыртқы барлауы латынды ту етіп неше түрлі айлаға барады. Әліби түзу комиссиясы мүшелерін де ұлтқа тиімсіз, қолдануға жарамсыз әліпби жасату үшін сатып ала да бастайды. Парламент депутаттарының ауызна сөз салады. Өздері жасырын қаржыландырып отырған еліміздегі БАҚ беттерінде айқай-шу шығарады. Ресейшіл оппозицияны шерулетеді. Осыны білген Ел Президенті латынға лайық жаңа төл әліпбиді түзу жолында сыртқы жаудың осы бүлдіргі әрекетінің алдын алуға кірісті.
Чекистер билеген Ресей осы бағытта аярлықпен жаңа арнадатушылық әрекеттерге аяғын аңдап басып бара бастады. Жақында тамыр басушылық мақсаттағы «Казахстан отказывается от латиницы» деген мақала шықты. Империялық орыс билігі ТМД әлемі түгіл Батысқа қарсы да ақпараттық соғысын еш тоқтатқан емес. Жалпақ әлемде қазақтың еш мәңгілік досы жоқ, тек уақытша мүдделестері ғана бар.
Осы бір арандатушылық мақалада «күнделікті қазақ тілін тұтынушылардың пайыздық көрсеткіші-мыс» дейтін төмендегі мына карта берілген:
Бұл республика халқының 2,5%-ға жуығы тұратын, оның 90,26-ын қазақтар құрайтын Маңғыстау облысы қақында «нет данных» деп өтірікке жол береді.
Ресей барлауының жансыз жазғышы «Латыннан бас тарту қазақ үшін игілік әкеледі» деген көрегендігін алға тартады.
Орыс тілді кеңестік шенеуініктердің қалдырған мұрасына малданған Бүгінгі Биліктің кесірінен туындаған уақытша жағдайдың өңін айналдырып: «В настоящий момент в Казахстане большая часть жителей общаются на русском языке. Русский язык доминируют абсолютно и безоговорочно во всех сферах жизни. На казахском языке говорят в быту, примерно 25% жителей Республики, и на некоторых официальных мероприятиях, и то, не всегда.» дей келе, өтірік айтқанның жөні осы екен деп, «Отказ Казахстана от перехода на латинский алфавит, вполне закономерен и ожидаем, для специалистов. Если-бы такой переход случился, то означал бы не много не мало, как полную утрату позиций казахского языка в качестве языка общения. Еще, примерно 5% населения Казахстана, в основном в Туркестанской области, считают родным языком узбекский, на котором разговаривают в быту. Но, хотя, узбекский и казахский языки весьма близки, между собой носители этих языков говорят на русском, так как на своих родных языках понимают друг друга с трудом - не хватаем общих терминов и равно-понимаемых фраз, в том числе не сложился сленг, который бы помогал в профессиональных сферах, в том числе в торговле и сферах услуг» дегенді алға тартады.
Мәскеу тапсырысымен ресейшіл топтың қолтығына су бүріккен мақала одан ары: «Если представить себе, что казахский язык перевели на латинский алфавит, это означало-бы отсечь поколение среднего и старших возрастов, так как для них более предпочтительно полностью перейти на русский язык, которым они хорошо владеют, нежели переучивать алфавит. А спустя время, носители казахского языка разделились-бы на две части: использующие в качестве общения казахский язык на основе кириллицы и на новое поколение - которые используют латиницу. Таким образом, носители казахского языка разделились-бы на три части, и в процентном отношении от общего числа жителей Казахстана, ситуация выглядела бы так: 10% (старшее поколение) по прежнему использовали казахский язык на основе кириллицы, 10% - перешли полностью на общение на русском языке, и 5% (молодое поколение) на новом казахском языке, на основе латинского алфавита.
Такая ситуация привела бы к маргинализации ниши общения на казахском языке и к полной его утрате. В современном глобальном мире городской культуры, казахскому языку очень сложно и практически невозможно конкурировать с русским языком, а любые его непродуманные реформы привели бы к катастрофическим последствиям»,- де көлгірсиді.
Чекистер тілдік кеңістігімізде бізде не болып, не қойып жатқанын жақсы біліп отыр. Олар қазақ тілді қазақтардың, бірақ орыс тілін түсініп, РФ интернет кеңістігін қолданатындарды да өздерінің орыс тілді сайтарына, РФ ҚР Банктерінен несие аларда, ресейшіл ҮЕҰ жүргізген сауалнамаларға, VK, Mail.ru кіргенде беретін мәліметтері негізінде тізімдеп, республикамыздағы жасы 16-ға толған әр қазақтың қанша жаста, қандай мамандық иесі, қайда оқып, қайда қойғаны «бес саусақтай» жақсы біліп отыр. VK, Mail.ru, FB хабарламаларымыз бен жазбаларымызға ҚР ҰҚК орыс ұлтынан шыққан жансыздары негізінде тыңшылық жасауда. Әрі РФ бізде ашылған Банктерінің филиалдары, орыс ұлты өкілдері құрған орыс тілді Үкіметтік ұйым мүшелері де көзді ала бере жасырын түрде барлау қызметкерлеріне қазақтарға қатысты түрлі мәліметтер беріп келеді. Осыны ескерген қазақ тілді қазақтардың 86% орысша сөйлей және оқи білуі Ресей барлауына ҚР тұрғындарын басы бүтін орыс тілділер санатына қосқызып отыр.
Әрі мақала соңында оқырмандардың мына дерекке назар аударғандары ләзім:
Справочная информация. В Казахстане, на 2019 года, зарегистрировано аккаунтов (активных), в самой популярной социальной сети "ВК":
на русском языке: 1 600 000
на казахском языке: 550 000 дейді де қазақ тілділер жаппай қолданатын Ватсап пен истаграм туралы жұмған аузын ашпайды. ВК болса, ТМД-лық орыстық интернет жүйесі оған 5 млн тарта таза орыс тілділердің және үш тіл меңгерушілік топқа бөліген 13 млн қазақ тілділердің титулды ұлттан, түркі тектестер мен мұсылман қауымынан тұратын пайыздық көрсеткіші ескерілмейді. Орыстардың аяқтан шалуы осылай жалғаса береді.
Қазақ тілінің қазақтар мен өзге ұлттар арасында үш түрлі деңгейде қолданылуы ашық жызылуы керек. «Қос тілділік» орына үш деңгейлі бір тілділік мәселесі БАҚ бетінде кеңінен насихатталуы керек. Қазақстанда ұлттық бір тілділікке талпынған үш деңгейлі қазақ тілді әлеуметтік топ бар. Осы мәселе келесі санақта арнайы графамен ескерілсе екен.
Түйін. Орыс тілді қазақтар үшін «орыс-қазақ латын жазуы» мен Қазақ тіліндегі сөздер мен ұғым-түсініктер дәл қазақша нұсқасында жазылатын тілдік айырмашылығы бар «Қазақстандық орыс тілі» ережесі мен емлесі Үкімет тарапынан қолға алынып, осы екі бағытта қандастарымыз өз үлесін қосу керек. Сонда қазақ қай тілде сөйлемесін бір әліпби мен бір орфографиялық ережеге бағынатын ұлтты қалыптастырған соң, таза қазақ тілді ұлтқа бірте-бірте көше аламыз.
Әбіл-Серік Әліакбар
Abai.kz