Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2385 0 пікір 19 Қыркүйек, 2011 сағат 06:07

Хан жорығы мен хан тағы

Жезқазған жұртшылығы Абылайханның тарихи жорық жолдары мен қазақ тарихында Кенесары ханның хан тағына отырғанына 170 жыл толуына орай ұйымдастырылған ғылыми- экспедиция тобын шығарып салды

Жезқазған жұртшылығы Абылайханның тарихи жорық жолдары мен қазақ тарихында Кенесары ханның хан тағына отырғанына 170 жыл толуына орай ұйымдастырылған ғылыми- экспедиция тобын шығарып салды

Жезқазған қаласының әкімі Берік Әбдіғалиұлының қолдауымен, Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне Хан Абылай бабамыз бен  Кенесары ханның жорық жолдарын зерттеу мақсатында Жезқазғаннан  ғылыми- экспедиция сапарға шықты. Бұл ғылыми-экспедицияның негізгі мақсаты - бабаларымыз жүрген жерлерде болып, көне қорымдарға, ескерткіштер мен жәдігерлерді зерттеп, тарихи оқиғаларға қатысы бар мекендерге соғып,  суретке түсіріп, тың деректер, басқада мәліметтер жинақтау. Ғылыми-экспедиция Қазақстанның біраз өңірлеріне ат басын бұрмақшы. Зерттеушілер 15-і мен 27-ші қыркүйек аралығында 3200 шақырым жер жүріп өтпекші. Атап айтсақ, Жезқазған- Ұлытау-Арқалық-Петропавловск-Көкшетау-Астана-Қарағанды-Жаңаарқа-Жезқазған өңірлерін қамтиды.  Ғылыми-экспедицияның құрамында Қ. И. Сәтбаев атындағы мұражайдың директоры, өлкетанушы Кенжал Балкенов, Жезқазған қаласы мемлекеттік мұрағаттың директоры, өлкетанушы әрі ұйымдастырушы Бағдат Байжантаев, Қенесары ханның төртінші ұрпағы Қамбар Файзоллаұлы, Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының қызметкерлері, суретшілер, бейнетаспаға түсірушілер мен фотогровтар, өлкетанушылар мен тарихшылар бар. Саяхатшыларды Жезқазған қаласының тұрғындары салтанатты түрде шығарып салды. Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Мұзарафұлы Аханов экспедиция мүшелеріне аман барып сау қайтуларын тілеп, ақ жол болсын айтты.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534