Мемлекеттік тіл: Аймақтар ашық хатты қолдайды!
Кереку:
Рухани тәуелділіктен арылмай тұрып, Тәуелсіздіктің 20 жылдығын қалай тойламақпыз?!
Жақында баспасөз беттерінен, ғаламтордан ҚР Мәдениет министрлігі әзірлеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік тіл саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын оқыдық. Өкінішке орай Заң жобасын қолдаушылардан гөрі мемлекеттік тілді «қорлаушылар» көбейіп кетті. Қарсы шығушылар қарасының көп болуын әлдебір арам пиғылды топтардың заманауи технология мүмкіндіктерін пайдалана отырып жасаған жымысқы әрекеттері деп топшылаймыз. Балабақшаларды қазақтілді ету арқылы - мемлекеттік тілді енгізу керек деген идеяға сол топтар тағы жаппай қарсы шығып, өздерін әшкереледі. Өйткені қазақ тілін еңгізудің ең оңай жолы осы екенін кез-келген ұлт өкілінің түсінері сөзсіз. Яғни олардың (қазақ тіліне қарсы топтың) бүгін де, ертең де, тіпті 20-30 жылдан кейін де қазақ жеріне қазақ тілін кіргізгісі жоқ! Сондықтан бұл жасанды қарсылыққа көңіл аудармау керек.
Осы заң жобасына байланысты қазақ зиялылары бастаған бір топ адам қол қойған Елбасы Н.Назарбаевтың атына жазылған Ашық хат жарияланды. Ашық хатта бәрі анық, айқын көрсетілген. Айтылған талап-тілекті құптаймыз, толық қолдаймыз.
Кереку:
Рухани тәуелділіктен арылмай тұрып, Тәуелсіздіктің 20 жылдығын қалай тойламақпыз?!
Жақында баспасөз беттерінен, ғаламтордан ҚР Мәдениет министрлігі әзірлеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік тіл саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын оқыдық. Өкінішке орай Заң жобасын қолдаушылардан гөрі мемлекеттік тілді «қорлаушылар» көбейіп кетті. Қарсы шығушылар қарасының көп болуын әлдебір арам пиғылды топтардың заманауи технология мүмкіндіктерін пайдалана отырып жасаған жымысқы әрекеттері деп топшылаймыз. Балабақшаларды қазақтілді ету арқылы - мемлекеттік тілді енгізу керек деген идеяға сол топтар тағы жаппай қарсы шығып, өздерін әшкереледі. Өйткені қазақ тілін еңгізудің ең оңай жолы осы екенін кез-келген ұлт өкілінің түсінері сөзсіз. Яғни олардың (қазақ тіліне қарсы топтың) бүгін де, ертең де, тіпті 20-30 жылдан кейін де қазақ жеріне қазақ тілін кіргізгісі жоқ! Сондықтан бұл жасанды қарсылыққа көңіл аудармау керек.
Осы заң жобасына байланысты қазақ зиялылары бастаған бір топ адам қол қойған Елбасы Н.Назарбаевтың атына жазылған Ашық хат жарияланды. Ашық хатта бәрі анық, айқын көрсетілген. Айтылған талап-тілекті құптаймыз, толық қолдаймыз.
Конституцияның 7 бабының 2 тармағын алып тастау уақыт талабы. Қоғамдық орындарда, мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылмауына осы бап тармағы себеп болып тұр. Неліктен қазақ жерінде тұратын кез-келген адамға тек қана қазақша сөйле деп талап ете алмаймыз! Қазақ жерінде өмір сүре отырып, барған мекемеңе келген шаруаңды мемлекеттік тілде түсіндіре алмайсың! Анығында сені ешкім түсінбейді. Бетіңе бажырая қарайды да «орысша айт, әйтпесе жөніңе кет» деген сыңай танытады. Өзінің Конституциялық құқығын алға тартып «бір тілде, тек орысша сөйлеуге, жұмыс атқаруға құқығым бар» дейтіндерді күнде көріп жүрміз.Ал сонда қазақтілділерге өз тілінде қызмет көрсетілуі Конституцияға қайшы болғаны ма?!
«Үш тұғырлы тілді» балабақшадан бастап енгізу тамырымызға балта шабумен тең. Өз тілін табанының астына басып тұрып, өзге тілде сайрап жүрер ұрпақ өсіру - болашақта мемлекеттігімізден айрылғанымыз. Сондықтан балабақша ашсақ, ондағы сәбилер тек қана мемлекетттік тілде тәрбиеленуі қажет.
Тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл болды. Басқа ұлт түгіл, өзіміздің қандастарымыз ішінде мемлекеттік тілді әлі күнге дейін үйренбеген, үйренгісі келмейтін адамдар шаш етектен. Оған «кінәлі» «солқылдақ» Заң ғана емес, министрліктердің мәңгүрттенген, жалтақ қызметкерлері, депутаттардың немқұрайлылығы. Өйткені заңды ұсынатын Министрлік, қабылдайтын Парламент.
Ұлттық мәселелерге келгенде билік тізгінін ұстап отырғандардың өзгелерге (басқа ұлт өкілдеріне) жалтақтауы ұят. Тілі тәуелді елдің салт-дәстүрі, мәдениеті күңгірт тартып, ұлттық құндылықтары құрдымға кетеді. Тіліміз тәуелді бола тұра, тәуелсізбіз деп айту мүмкін емес. Сонда Тәуелсіздіктің 20 жылдығын қалай тойламақпыз?!
«Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды» деп бабаларымыз тегін айтпаса керек. Елімізде екі тілдің үстемдік құруы елді екіге бөлумен тең, бөлініп те келеді. Бізді біріктіретін тек қана мемлекеттік тіл - қазақ тілі.
Сөзімізді түйіндей келе, қазақ зиялы қауымы, ұлт жанашырларының Елбасы Н.Назарбаевқа тіл мәселесіне қатысты жазған Ашық хатын толық қолдайтындығымызды, және Мәдениет министрлігінің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік тіл саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының алғашқы түпнұсқасын қалдыруын талап ететінімізді жеткіземіз.
Бейсенбай тегі Р.З. Тіркелмеген «Халық рухы партиясы» Павлодар ф-лы төрағасының орынбасары, партия атынан (900 адам) «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ Павлодар ф-лы төрайымы, ф-л атынан, Жеке кәсіпкер
Сайлау Байбосын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Ерейментау ауданының құрметті азаматы, "Жас Алаш" газетінің Ақмола, Павлодар облыстарындағы меншікті тілшісі.
Қ.Ж. Нұрбаев Павлодар ПИ деканы, тарих ғ.д.
Төлен Рамазан, қоғам қайраткері, тіл жанашыры
Қайыржан Ахметов, Павлодар облысы Май аудандық
мәслихатының депутаты
Мейрамбек Қызырұлы, Павлодар облысы Май аудандық «Шамшырақ»
газетінің тілшісі
Құрман Тасжанов, Павлодар облысы Май аудандық тарихи-өлкетану
мұражайының директоры
Сейлгазин Кабдрахман «Ұлт тағдыры» РҚБ Павлодар облысы филиалы төрағасы, ф-л атынан
Дәлелхан Әбдіхалық «Руханият» партиясы Павлодар облысы филиалы төрағасы ф-л атынан
Агибаев Замкен «Патриоттар партиясы» Павлодар облысы филиалы төрағасы, ф-л атынан
Алдабергенов Қырықбай Мазанұлы Павлодар Мемлекеттік университеті, тарих ғ.д.
Алдабергенов Еркебұлан «Ұлан» жастар ҚБ төрағасы бірлестік атынан
Тілеуберді Сахаба, тәуелсіз журналист
Гүлзат Мейрамова, облыстық ұстаздар газетінің тілшісі
Айнұр Тоқтархан, мәдениет қызметкері
Ғабит Бөкенбай, тележурналист
Мұратбек Тілеубаев, «Нұр Отан» партиясы Май аудандық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары
Ерғанат Ахметов, Май аудандық ветеринария бөлімінің бастығы
Дәулет Сәденов, жас маман, экономист
Нұрбек Жанпейісов, Май аудандық туберкулезге қарсы аурухана қызметкері
Бақытжамал Бигелдинова, Май аудандық «Шамшырақ» газетінің корректоры
Бағытгүл Есентаева, Май аудандық «Шамшырақ» газетінің есепшісі
Нәзира Қанапина, мемлекеттік қызметкер
Серікхан Жұлдызұлы, мұражай қызметкері
Әлия Кулагина, Май аудандық мәслихатының бас маманы
Қызылорда:
ШЕГІНЕР ЖЕР ЖОҚ!
Біз, қызылордалық қоғам, мәдениет, өнер қайраткерлері, әртүрлі бірлестіктер мен ұйымдардың өкілдері «КОНСТИТУЦИЯҒА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТТЕР ТОҚТАТЫЛСЫН!» деп үндеу көтерген Мұхтар Шаханов бастаған зиялы қауым өкілдерінің Қазақстан Үкіметіне қойған талаптарын қолдаймыз.
Атап айтқанда, Ресей ақпарат құралдарының, Қазақстандағы Үкіметтен қаржы алып отырған, бірақ қазақ мемлекеттігін қолдамайтын орыстілді БАҚ-ның ҚР Мәдениет министрлігі дайындаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік тіл саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізі туралы» заң жобасына өре түрегеліп қарсы болуы, оны «мемлекеттік төңкеріс» деп сес көрсетуі, Ресейдің Қазақстанды ашық басынуы, оның ішкі істеріне тікелей араласуы деп қабылдаймыз.
Осы орайда, тәуелсіздігіне 20 жыл толатын елімізге өзінің ұлттық ақпараттық қауіпсіздігін өзі қорғайтын, өзі сақтайтын шаралар жасайтын мезгіл жетті.
Тәуелсіз мемлекет ретінде ҚР Конституциясы белгілеген мемлекеттік тіліне басымдық беруді өзі анықтайтын, оған ешкімнен рұқсат алмайтын кезі жетті.
ҮНДЕУДЕГІ ТАЛАПТАРДЫ:
1. ...2012 жылдан бастап бірте-бірте мемлекеттік органдарда тек мемлекеттік тіл пайдаланылып, іс қағаздары қазақ тілінде жүргізілсін» деген норма қосылсын;
2. ҚР Конституциясының 7-бабының орыс тіліне байланысты екінші тармағы алынып тасталсын;
3. Қазақстанның кейбір саяси күштері мен қоғамдық ұйымдарының қатыстырылуымен жасалып жатқан Мемлекеттік тіл туралы заң жобасы Парламенттің биылғы күзгі сессиясында қаралып, 2012 жылға дейін қабылдануы тиіс;
4. Бөгде ел және отандық ақпарат құралдарының арандатушылық мақалалары Тәуелсіз Қазақстанның ішкі ісіне нұқсан келтірушілік деп танылсын! Мемлекеттік жоғарғы билік органдары (Үкімет) тарапынан мұндай басылымдар қаржыландырылмасын. Қазақстанның Ұлттық ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар тез арада іске қосылсын;
ҚОЛДАЙМЫЗ!
Сонымен бірге Қазақстан Үкіметінің тілге байланысты ұстанып отырған саяси теріс ниеттілігін де айта кетуді жөн санаймыз.
Үкімет талай жылдан бері тілге байланысты әртүрлі бағдарламалар мен концепциялар, заң, ережелерді көпшілік назарына ұсынып ішіне бір-екі радикалды баптарды қосады да, өзі қаржыландырып отырған орыстілді ақпарат құралдарын Тіл мәселесіне қарсы айдап салады. Оның аяғының үлкен дау-жанжалға ұласатынын жақсы біледі де: «Біз қазақ тіліне қарсы емеспіз, бірақ, көрдіңіздер ғой, ұсынған сайын көпшіліктің дау-жанжалына, наразылығына тап болып жүр. Іс аяғы насырға шауып кетуі мүмкін. Тіл мәселесін тағы да 10-20 жылға дейін көтермеген жөн болар» дейді.
Мұндай саясаттың ар жағында мемлекеттік тілге қарсы шу мен жанжалдың төркіні ең жоғарғы билік пен лауазым иелерінде жатқаны айдан анық екені көрініп тұр.
Тәуелсіздік алғалы бергі 20 жыл бойы еркіндік алуға тиіс қазақ тілі өзекке тебіліп келеді. Ұлттық құндылығымыздың ең бастысы - Тіл.
Тілден басталатын ұлттық мәселені шетке ығыстыра-ығыстыра құзға жақындап келеміз.
20 жыл бойы еркіндік аламын деп үміттеніп келген Тілімізді бұдан әрі ығыстыруға жол бермейміз.
Шегінер жер жоқ!
Ашық хатты қолдаушылар:
Шайхыслам Серікбайұлы - ҚР құрметті
журналисті СССР-дың құрметті теміржолшысы
Қазалы ауданының құрметті азаматы
Т.Ембергенұлы - дербес зейнеткер
С.Жүсіп - саясаткер
Ә.Мәмбеталиев - ККП обл.жетекшісі
Б.Сейсенәлі - тәуелсіз журналист,
Т.Рахимов - «Азат ЖСДП» облыстық жетекшісі
С.Ибрашұлы - «Самала» газетінің редакторы
М.Нұрмахан - «Алға!» ХП-ның обл.жетекшісі
«Абай-ақпарат»