Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 5758 18 пікір 21 Ақпан, 2020 сағат 13:34

Ақтау әуежайын кім сатып алмақшы?

Ресейлік олигарх Қазақстан мен Өзбекстаннан әуежай сатып алуды жоспарлап отыр-мыс. Орыс ақпараты осылай деп жатыр.

Виктор Вексельберг украин тумасы, орыс олигархы. Оның байлығы 11,5 миллиард долларды құраған. Ол Ресейдегі топ 20 кәсіпкердің ішінде 11-орында тұрған адам. Жаңағы Вексельбергтің иелігіндегі дүние-мүліктің бірі «Ренова» компаниясы.

Аталмыш компанияның («Ренова») құрамына кіретін «Аэропорты регионов» дейтін ресейлік холдинг бар екен. Міне, осы холдинг Қазақстан мен Өзбекстаннан әуежай сатып алудың қамын жасап жатқан көрінеді.

Дәлірек айтсақ, Вексельбергтің көздеп отырғаны Ақтау әуежайы дейді.

Кursiv.kz сайтының дерегіне сенсек, Ақтау әуежайы қазір түрік инвесторларына тиесілі екен. Түріктің ATM Group дейтін компаниясына Ақтау әуежайын 2035 жылға дейін басқару құқығы берілген.

Ақтау Халықаралық әуежайы

Әуежайдың ресми сайтындағы деректерге сүйенсек, «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ 1996 жылғы қараша айында құрылған. Ал әуежай 1983 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Азаматтық авиацияда пайдаланылатын барлық ұшақ түрлерін қабылдауға қауқарлы.

2007 жылы «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ-ның 100% акциясына тендер ойнатылған. Оны түрік компаниясы жеңіп алады. Сөйтіп, Сенімгерлік басқару құқығы «ATM Grup Uluslararası Havalimanı Yapım Yatırım ve Işletme limited» дейтін түрік компаниясына 28 жылға берілген.

2007 жылы Маңғыстау облысы әкімдігі мен жаңағы түрік компаниясы арасында келісім шарт түзіледі. Ол бойынша түрік компаниясы әуежайға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуі тиіс болған. Оның ішінде ұшып-қону жолағын ұзарту, жүргізу жолағын және перронды қайта жаңарту, әуежайдың барлық техникалық жағдайын ИКАО Халықаралық стандарттарына лайықтау керек болады. Қайта жөндеу жұмыстары 2009 жылы аяқталыпты.

Қазір Ақтау әуежайы, Астана және Алматы әуежайларынан кейінгі үшінші орында тұрған әуежай. Онда қазақстандық және шетелдік авиакомпаниялар қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, 8 ішкі және 16 Халықаралық рейстер бойынша жолаушылар тасымалдайды.  Ақтау әуежайы 2018 жылы 1 023 900 жолаушыға қызмет көрсеткен екен.

«Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ-ның қазіргі Басқарма төрағасы - Киледжи Селчук дейтін түрік азаматы. Бұл қызметке 2008 жылы тағайындалған. Оған дейін АҚШ, Түркия, Ұлыбританияда әуе қызметі саласында жұмыс жасаған.

Айтпақшы, тағы бір ресейлік холдинг -  «Новапорт» Самарқан, Үргеніш пен Наманғандағы әуежайларды сатып алуғы ниетті екенін ресми мәлімдеген екен.

Тақырыпқа тұздық. Қазақстандағы әуежайларға кімдер иелік етіп немесе  басшылық жасап отыр? Кursiv.kz сайтының 2019 жылғы дерегіне сүйенсек:

Ақтау әуежайы

«ATM Grup Uluslararası Havalimanı Yapım Yatırım ve Işletme limited» компаниясы (2035 жылға дейін).

Атырау әуежайы

Атырау облысы әкімдігінің меншігінде (2019 жылдан бастап).

Орал әуежайы

СПК «Орал».

Ақтөбе әуежайы

Ақтөбе облысы әкімдігінің меншігінде (2019 жылдан бастап).

Қостанай әуежайы

Қостанай облысы әкімдігінің меншігінде (2018 жылдан бастап).

Петропавл әуежайы

Airport Management Group.

Көкшетау әуежайы

Airport Management Group.

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы (Астана)

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің меншігінде.

Павлодар әуежайы

Павлодар облысы әкімдігінің меншігінде (2019 жылдан бастап).

Сары-Арқа әуежайы (Қарағанды)

Sky Service, (40% акциясы «Верный капитал» группасына тиесілі).

Семей әуежайы

«СПК «Ертіс» АҚ.

Өскемен әуежайы

«СПК «Ертіс» АҚ.

Алматы әуежайы

Venus Airport Investment B.V. (Нидерланды). (Steppe Capital Pte.Ltd инвестициялық компаниясының еншілесі (Сингапур).

Әулие-ата әуежайы (Тараз)

SCAT әуекомпаниясы.

Шымкент әуежайы

Шымкент қаласы әкімдігінің меншігінде (2018 жылдан бастап).

Қорқыт ата әуежайы (Қызылорда)

Airport Management Group.

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387