Жұма, 22 Қараша 2024
3889 6 пікір 26 Ақпан, 2020 сағат 14:09

Құранның жаңа аудармасы жарық көрді

25-ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы ғимаратының мәжіліс залында "Қасиетті Құран: мағынасы мен түсініктемелері" атты кітаптың тұсаукесері өтті. 

Аталған шараға Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ғалымдар, Парламент депутаттары мен қатар зиялы қауым өкілдер, дін қызметкерлері қатысты.

Жаңа кітапты араб тілінен аударған  ҚМДБ наиб мүфтиі, исламтанушы Ершат Оңғаров, ал, қазақ тілінің әдеби мәнерімен толықтырған Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы Нұржан Мұраталиев. Ал, жаңа кітап жастардың жат ағымдар арбауында кетпеуіне әсер ету, Құран аяттарын тікелей мағынасында түсіну мақсатында жарық көріп отыр.

Шарада сөз алған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кітаптың мәні мен мазмұнына тоқталып өтті. Оның айтуынша, адамзатты зұлымдықтан тура жолға бастайтын, өркениет пен ілім жолына үндейтін ізгі кітап Құран кітабы.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы:

- Құранға амал етілген ел-жерде тыныштық орнап, Алланың берекеті болады. Демек, Құрансыз өмірдің мәні де, сәні де жоқ. Мұхаммед (с.ғ.с) хадисінде: «Үйлеріңізде Құран Кәрімді көп оқыңыздар. Себебі, Құран оқылмаған үйде береке, жақсылық аз болады.Ондай үй-іші әрдайым қиындықта болады. Яғни, ондай үйде тыныштық болмайды»,- деген болатын

Сонымен қатар басқарма төрағасы аталған кітаптың ерекшелігіне тоқталып өтті.

- Құранның жаңа аудармасының еркешелігі - қасиетті аяттар араб тіліндегі түпнұсқадан аударылып, олардың қазақша тәпсірі, мағынасы берілген. Және, түсініктемесі мен тарихы жан-жақты жазылған. 

Сондай-ақ, сүрелердің қазіргі ғылыммен байланысы баяндалып, араб тіліндегі аяттың дұрыс оқылуы берілген. Кітапты аудару барысында Араб, Түркия, Мысыр елдеріндегі түпнұсқа қолжазбаларға сүйене отырып, дәстүр мен дін бабақтастығына көп көңіл бөлінген. Ал, кітаптың іөлемі мың беттен асады, - деді.

Кеш барысында басқарма төрағасы аудармашы Ершат Ағыбайұлының аталған кітапты дайындауда Әл-Нәсәфи, Әл-Әлуси, Әл-Матуриди, Әл-Жәләләйн сияқты ханафи мәзөабының ғұлама-ғалымдары мен тәпсіршілерінің еңбегінен өз нұсқасынан аударып шыққанын айтты. Және, аталған еңбекті дайындауда бірнеше жыл сарп еткен еңбегіне айрықша алғыс білдірді.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321