Сенбі, 23 Қараша 2024
2460 0 пікір 6 Наурыз, 2020 сағат 11:45

Жыл басынан бері ақылы жолдардан 600 млн теңгеден астам қаражат жиналды

2020 жылдың екі айы ішінде жалпы ұзындығы 682 шақырымды құрайтын 4 ақылы жол учаскесінен түскен қаражат 643,1 млн теңгені құрады. 

Қазақстандықтар республикалық маңызы бар «Нұр-Сұлтан – Теміртау» тасжолымен жүріп өткені үшін 215,5 млн теңге төлесе, «Нұр-Сұлтан – Шучинск» тасжолынан түскен қаражат мөлшері 167 млн теңгені құрады. «Алматы-Қапшағай» жолынан 140,1 млн теңге, «Алматы – Қорғас» жолынан 120 млн теңге жиналған. 

Айта кету керек, өткен жылы ақылы жол учаскелерінен жиналған қаражат мөлшері 5,4 млрд теңгені құрады. Оның 3,8 млрд теңгесі – ақылы жолдарды күтіп ұстау шараларына, 1,6 млрд теңгесі – төлем алу жүйесіне қызмет көрсету шараларына жұмсалған болатын. 

Еске салайық, 2019 жылдың желтоқсанында инвестициялық конкурстың қорытындылары бойынша жолдардың 11 мың шақырымында төлем алу жүйесін орнату және оны күтіп ұстау туралы құжатқа қол қойылды. Келісімге сәйкес биыл реконструкциядан өткен 5,7 мың шақырымдық жолдардың учаскелерінде төлем алу жүйесі орнатылады деп жоспарлануда. Жолдардың қалған 5,3 мың шақырымы 2024 жылға дейін реконструкциялау шараларының аяқталу мерзіміне байланысты ақылы болмақ. Осылайша, жүйе ақылы жолдардың күтіміне жыл сайын бюджет қаражатының бөлінуін болдырмайды. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407