Сенбі, 23 Қараша 2024
2975 0 пікір 6 Наурыз, 2020 сағат 11:48

Қазақстандық Mimioriki бренді мен Disney балалар киімінің бірлескен желісі іске қосылды 

Отандық балалар киімінің Mimioriki бренді және Ресей мен ТМД елдеріндегі Disney компаниясы балаларға арналған киім-кешектің жаңа топтамасының сатылымына мүмкіндік беретін лицензиялық келісімге қол қойды. Бұл Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі үшін айрықша жаңалық болып отыр. 

Disney компаниясы Ресей нарығындағы №1 лицензиат бола отырып, ірі халықаралық компаниялармен, ресейлік өндірушілермен және дистрибьюторлармен белсенді түрде серіктесе жұмыс жүргізеді. Қазіргі таңда компанияның 300-ге тарта серіктес-лицензиаты бар. Олардың қатарында нарықта мойындалған көшбасшылар да, жаңадан өркендеп келе жатқан жас компаниялар да жеткілікті. Отандық Mimioriki бренді – Ресей мен ТМД елдеріндегі Disney компаниясының ең алғашқы лицензиаты. 

Келісім шартына сәйкес, қазақстандық бренд киім-кешек дизайнында «Мұзды өлке», «Арыстан патша», «Аңдар полисі» секілді Disney фильмдерінің көпшілік сүйетін кейіпкерлерінің, Disney-дің Микки Маус және Винни қонжық секілді классикалық кейіпкерлерінің, сонымен қатар MARVEL киноәлеміндегі Өрмекші-адам, Темір адам, Халк пен Капитан Американың, «Жұлдызды Шайқастар» дастанындағы кейіпкерлердің суреттерін пайдалана алады. Mimioriki лицензиялық желісінде футболкалар, жемпірлер, свитшоттар, шалбарлар, көйлектер және тағы басқа көптеген заттар бар. 

«Mimioriki секілді нарықтың ірі ойыншысымен серіктестік Қазақстан тұтынушыларына жету жолында Ресей мен ТМД-дағы Disney компаниясы үшін маңызды кезең болып отыр. Ел ішінен орын тапқан бейілді аудиториясы мен толыққанды өзіндік өндірістік циклі бар айрықша бренд тұтынушылардың талап-тілегіне сай келері сөзсіз. Біз балалар мен олардың ата-аналарын қуантатын Mimioriki брендімен бірге жаңа коллекцияларды құру мүмкіндігінің пайда болғанына қуаныштымыз», - дейді Ресей мен ТМД-дағы Disney компаниясының лицензиялау және бөлшек саудамен жұмыс департаментінің директоры Сергей Пичугин. 

Mimioriki компаниясы The Walt Disney Company арнайы әзірлеген халықаралық ILS еңбек стандартының сәйкестігі бойынша әлеуметтік аудиттен сәтті өтті. Бұл процедура келісімге қол қоюда міндетті болып саналады. 

«Бұл біз үшін зор мақтаныш әрі ауқымды сын болмақ! Бір жағынан Disney-дің жаһандық үлкен тарихында ізіміз болатынына, сүйікті кейіпкерлер суреттелген және біздің аудиторияға қазақ және орыс тіліндегі ұрансөздер жазылған киім-кешекпен балаларға шаттық сыйлайтынымызға қуаныштымыз. Екінші жағынан бұл қадам біздің компанияның әр маманы үшін орасан зор өсім болары даусыз. Себебі Disney стандарттарының талабы тым жоғары», - деді Mimioriki компаниясының бас директоры Инна Апенко. 

Келісімге келе отырып Mimioriki балалар киім-кешегі өндірісін 30% арттырып, Disney кейіпкерлері суреттелген 100 мыңға тарта өнім шығаруды көздейді. Disney классикасындағы алғашқы коллекциялар – теңдессіз Микки мен Минни 2020 жылдың 1 сәуірінде сатылымға шығады. Бүкіл жаңа өнім Қазақстан аумағында сатылады. Қазіргі таңда Mimioriki-дің Қазақстанда франшиза бойынша 4 жеке және 11 ашық дүкені бар. Әр маусымда 9-10 коллекция немесе 450 бірегей модель шығарады. 

Disney лицензиялық киімі Mimioriki брендінің барлық фирмалық дүкендерінде, брендтің серіктес дүкендерінде, мамандандырылған балалар бөлшек саудасы мен онлайн маркет-плейстарда саудаға қойылады. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407