Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6050 11 пікір 9 Наурыз, 2020 сағат 13:07

Ел басқару үшін ұлтым дейтін мінез керек

Жапондар күрішсіз тұра алмайтын халық. Күріш оларда нанның орнына жүреді. Жапондар соны шеттен сатып алмай өздері өсіріп, ішкі нарықты түгел қамтып отыр.

Солардың мемлекеттік жиынында шенділердің біреуі былай деп ұсыныс тастапты: «Біз күрішті шетелден сатып алмай, неге өзіміз өсіріп жатырмыз? Біз өсірген күріштің өзіндік құны мен бағасы 7-8 йеннен айналады. Ал егер сол күрішті шетелден, Вьетнамнан не Қытайдан сатып алсақ, әр келісіне 2-3 йен ғана кетеді екен. Біз өзімізге өзіміз зиян келтіріп отырмыз!»...

Сол кезде министрлерінің біреуі не деп жауап берген дейсіз ғой? Былай депті: «Егер біз күрішті шетелден алдырсақ жұмыссыздық пайда болады да, жұмыссыздықтан қылмыс туады. Сосын оның шығыны, әлгі біз үнемдемекші болған ақшадан жүз есе асып кетеді!».

Байқадыңыздар ма, ел басқару үшін асып бара жатқан білімнің қажеті жоқ, ұлтым дейтін мінез бен табанының бүрі болса болғаны екен!

Жолымбет Мәкіштің әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5397