Дүйсенбі, 30 Қыркүйек 2024
46 - сөз 4589 6 пікір 10 Наурыз, 2020 сағат 12:05

Ауыл шопырының сұрағы

ЖАП-ЖАҢАЛЫҚ:
Мұнай бағасы 31 долларға дейін төмендеді.

АУЫЛ ШОПЫРЫНЫҢ СҰРАҒЫ:
Ойбай-ай, енді не болады?

ЖАУАП НҰСҚАЛАРЫ:

1. Тойдың саны қысқарады;

2. Тойдың түрі қысқарады;

3. Тойға шақырылатын қонақтар саны бес есе қысқарады;

4. 80 жасқа толатын кісінің көңіл-күйі төмен түседі;

5. Бекболат Тілеухан “үшаяқтануға” мәжбүр болады;

6. Нұртай Сабильянов, Нұртөре Жүсіп, Бақыткүл Хаменовалар сияқты кәсіби мақтағыштар “бас кітапханашыға” төмендей бастаған құштарлығын “нұриагра” препараты арқылы көтеруге мәжбүр болады;

7. Амантай қажының тоқал алу туралы жоспары мұнай бағасы 80 долларға дейін қайта өсетін уақытқа дейін (кейінге) ысырылады;

8. Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев “жезөкшелер” қызметін заңдастырып, оларды салық төлеуге мәжбүрлей бастайды;

9. Парламент Сенаты таратылып, Мәжіліс құрамы екі есе қысқарады;

10. VIP-күйеубалалар саны үш есе қысқарады;

11. Президенттер саны 50 пайызға қысқарады;

12. Тоқалдар статусы жойылады;

13. ...сіздің ұсынысыңыз?

Серік Абас-Шахтың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

6 пікір