Сенбі, 9 Мамыр 2026
4184 16 пікір 10 Наурыз, 2020 сағат 18:08

Бекшин: Қазақстанға жақын күндері коронавирус келуі мүмкін

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус Қазақстанда жақын күндері пайда болуы мүмкін екенін айтты.

«Біздің болжамымыз бойынша, 11-16 наурыз аралығында бізде коронавирус болуы мүмкін. Плюс немесе минус бір апта. Біз жағдайды сараптап, болжам жасаймыз. Болжам - бұл нақтылық емес, ол сәйкес келмеуі де мүмкін,- деді Жандарбек Бекшин.

Бас санитардың айтуынша, ғалымдар математикалық модельдеуді қолдана отырып, жағдайды болжаумен айналысады. Сондай-ақ, Қазақстанда коронавирус тіркелген жағдайда бірден арнайы іс-шаралар жүргізіледі.

Ал, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда барлық қажетті дәрі - дәрмектер мен терапияға арналған құралдар бар екенін, оған қоса, жұқпалы ауру жұқтырған адамдарды оқшаулауға арналған орындар дайындалғанын хабарлаған.

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2275
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1662