Ақпаратқа қарағанда, «Ашық Ресей» ұйымы, «Өзгерістер партиясы» және «Азаматтық қоғам» қозғалысы 21-22 наурызда Мәскеудің Сахаров даңғылында митинг өткізу бойынша Мәскеу мэриясына өтініш жазды. Олар митингке 50 мың адам қатысатынын айтып отыр.
10 наурызда Мемлекеттік Дума Конституцияға енгізілген жаңа өзгерістерді мақұлдады. Оған сәйкес, Владимир Путиннің осыған дейінгі президенттік мерзімдері жоққа шығарылып, ол қайтадан 2024 жылы өтетін сайлауға қатысуға мүмкіндік ала алады.
Дауыс беру алдында Путин мұндай ұсынысқа «Конституциялық сот мақұлдаған жағдайда келісетінін» айтқан.
«Мұндай вариант болуы мүмкін. Бірақ Конституциялық сот мұндай өзгерту Бас заңның қағидаларына қарсы келмейді деп тапса ғана іске асырылуы керек», - деген Путин.
Жыл басында Путин Федералдық отырыста жасаған үндеуінде Бас заңға өзгерістер енгізу арқылы парламенттің құқықтарын көбейтуді сұраған.
67 жастағы Путиннің билік басына келгеніне 20 жыл болды.
Abai.kz