Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3348 0 пікір 13 Наурыз, 2020 сағат 12:19

Күшті иммунитеттің кепілі - таза су

Жершарындағы тіршіліктің өлшемі-су, ең алғашқы тіршілік судан пайда болған деген көзқарасты қолдайтын ғалымдар жетерлік. Ал адам денесінің 70% жуығы судан тұрады. Ол бос және қосылыс күйінде денемізде маңызды қызмет атқарады. Сондай қызметтерінің бірі - иммундық жүйені күшейтуі.

Неге су ішу керек?

Су ағза жасушаларына оттегіні жеткізуге көмектеседі, нәтижесінде барлық мүшелер дұрыс жұмыс істейді. Ол сонымен қатар денеден улы заттарды (токсиндер, ауыр металдар, вирус- бактерия қалдығы т. б. )тер, зәр түрінде шығуына көмектеседі, сондықтан таза суды көп мөлшеріде ішу токсиндердің түзілуіне және олардың иммундық жүйеңізге теріс әсер етуінің алдын алады.
Улы заттардың денеде болмауы иммундық жүйені күшейтетін, аурудың алдын алатын, жалпы суыққа қарсы күресетін және жасушаларды қорғайтын басты көрсеткіштің бірі.

Ыстық шәй ішу - иммунитетті арттыратын сусындардың ішіндегі ең жақсы нұсқа. Шәй бұлшықеттердің тұрақтылығын жақсартуға және инфаркт қаупін азайтуға көмектеседі. Шәй сияқты жылы су ішу сіздің ағзаңызға антиоксиданттар береді - зиянды бос радикалдарды жойып, қатерлі ісіктен қорғайды.Әрине шій қайнататын су таза болғаны ең абзал.

Сумен тазарту

Аурудың алдын алу үшін суды пайдаланатын, алайда біз көп елемейтін тәсіл - микробтарды жуу. Ол қол- бетті жуу, ыдыс-аяқтарды тазартуды қамтиды. Суық тигенде немесе аллергия болған кезде тыныс жолдарын сумен шаю арқылы микробтардан тазаруға болады.

Иммунитет жүйесі - таза су

Сіз ішетін немесе зиянды токсиндер мен микробтарды тазарту және жою үшін пайдаланылатын су қажетсіз химиялық заттар мен зиянды ластағыштардан ада болуы керек. Еліміздің ір қалаларындағы су тазарту және құбыр мәселесін ескерсек, күнделікті тұтынатын суды сүзігіден өткізіп тұтыну пайдалы болмаса зияны жоқ.

Коронавирусты тең көрмей жүре беріңіз.

Әлібек Ыдырысұлының әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5500