Сейсенбі, 14 Қазан 2025
2329 1 пікір 15 Наурыз, 2020 сағат 21:10

ҚР Президенті Әкімшілігінің фронт-кеңсесі азаматтарды қабылдауын тоқтатты

ҚР Президенті Әкімшілігінің фронт-кеңсесі азаматтарды қабылдауын уақытша тоқтатты. Мұндай ақпарат ҚР Президенті Әкімшілігі қоғамдық қабылдауының Telegram-дағы парақшасында жарияланды.

«Коронавирустың таралу қаупін төмендету бойынша алдын ала шаралар қабылдау мақсатында Президент Әкімшілігінің фронт-кеңсесі 2020 жылдың 16 наурызынан азаматтарды қабылдауды уақытша тоқтататындығын хабарлайды. Ертерек жазылып қойған азаматтар кезектерін сақтайды және қабылдау қайта басталғаннан кейін жаңа кесте туралы қосымша хабарланады», - делінген таратылған ақпаратта.

Сонымен қатар аталған хабарламада шағымдарды Президенттің виртуалды қабылдау порталы, «е-gov» электронды үкіметі және «Қазпошта» АҚ қызметтері арқылы беру мүмкіндігі сақталатындығын ескертілген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 860
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10011