Астанада «Қалам қуаты» атты ІІІ республикалық журналистік шеберлік байқауының қорытындысы шығарылды
Байқаудың Ережесі бойынша ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде Астана қаласында Байланыс және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Берсебаев, профессор, Қазақстан журналистикасы академиясының толық мүшесі (академик) Намазалы Омашев, «Центр тяжести» интернет-форумының бас продюсері Татьяна Бендзь, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Михаил Дорофеев, саясаттанушы Айдос Сарым, сарапшы Фатима Қосаева, «Благо» бірлескен қоғамының директоры Юрий Криводанов қатысқан қазылар алқасының мәжілісі болып өтті.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен «KAZENERGY» Ассоциациясы өткізген бұл байқаудың негізгі мақсаты ҚР мұнай-газ саласы жетістіктеріне жұртшылықтың назарын аудару, Қазақстан мұнай-газ саласы компанияларының ақпараттық ашықтығы бойынша қызығушылығын арттыру, сонымен қатар бірыңғай медиа кеңістігі үлгісін жасау болып табылады.
Конкурсқа ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 25 қыркүйегіне дейін республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген барлығы 200-ден астам материал, сонымен бірге 8 теле- және радиорепортаждар, 5 студенттік жұмыс, 3 фоторепортаж қатыстырылды.

Байқау өткізу тәжірибесінде алғаш рет жұмыстың өткізілу барысын «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (www.kmg.kz) және «KAZENERGY» Ассоциациясының (www.kazenergy.com) сайттарында он-лайн режимінде көрсету ұйымдастырылғандығын атап өткен жөн. Қазылар алқасы 10 номинациядан 8 жеңімпазды таңдап алды. Сонымен қатар байқауға қатысқан 3 адамның жұмысы аталып өтілді. Олар арнайы жүлдемен марапатталады.
Байқауды ресми қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау 19-шы «Мұнай - газ, KIOGE 2011» Қазақстандық Халықаралық көрме және конференциясы аясында Алматы қаласында (2011 жылдың 6 қазаны, сағат 10.00-де, «Интерконтиненталь» қонақүйінде, «Абылайхан» залында) өткізіледі.
Марапаттаудың ресми рәсіміне «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасы Қ.Қабылдин, номинатталған журналистер, қазылар алқасының мүшелері, мемлекеттік органдардың, іскер, академиялық және журналистік ортаның өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр.