Павлодар қаласында республикалық «Абай оқулары» байқауы өтеді
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті Павлодар облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасымен бірлесіп 4 қазан күні Қазақстан халқы тілдерінің ХІІІ республикалық фестивалі аясында Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері арасында дәстүрлі «Абай оқулары» республикалық байқауын өткізеді.
Шараның негізгі мақсаты - мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыру, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау, отансүйгіштік сезімді арттыру.
Байқауға еліміздің барлық облыстары және Астана мен Алматы қалаларынан облыстық, қалалық деңгейде өткізілген байқаулардың жеңімпаздары қатысып, өз өнерлерін ортаға салады.

Талапкерлердің өнерін құрамында Тұрсын Құдагелдіұлы Жұртбай - Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Отырар кітапханасы ғылыми орталығының» директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, қазылар алқасының төрағасы, Жақсыбай Тұрсынұлы Сарбалаев - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті гуманитарлық-педагогикалық факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Амантай Жарылқасынұлы Шәріп - «Астана ақшамы» газетінің директор-бас редакторы, филология ғылымдарының докторы, Шнайдер Владимир Александрович - Инновациялық Еуразия университетінің әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Кенжеғали Тұрсынбекұлы Мыржықбай - Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік филармониясының директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, профессор, сынды қазылар алқасы бағалайды.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен және басқа да сыйлықтармен марапатталады.
Өткізілетін орны: «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы мен мәдени-сауық орталығы
Басталуы: 15.00-де
Байланыс телефондары: 8-7172- 74-05-01, 8-7182-32-68-93, 32-64-42