Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2934 0 пікір 4 Қазан, 2011 сағат 05:47

ҚР СІМ Аустралияда Қазақстан азаматшасын өлтіру бойынша тергеуді бақылауға алды

Астана. 4 қазан. ҚазТАГ - ҚР сыртқы істер министрлігі (СІМ) Аустралияда Қазақстан азаматшасын өлтіру бойынша тергеу шараларын бақылауға алды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«3 қазанда ҚР консулы бірқатар мәселелерді шешу үшін, атап айтқанда, Сағынай Батырханованың денесін елге жөнелту, оның азаматтық некеде туған баласының құқықтық статусын анықтау үшін Аустралияға келді», - делінген СІМ-нің сейсенбі күні таратқан ақпаратында.

Сондай-ақ, ҚР СІМ-нің «Аустралияның Мәскеудегі елшілігіне аталған істі толығымен тергеуге қажет қолдауды қамтамасыз ету туралы өтінішпен вербальды нота» жолданғаны айтылған.

«ҚР СІМ С. Батырханованың анасының өтініші бойынша оның қызының денесін Қазақстанға жеткізуде қолдау көрсетеді», - деп хабарлайды ҚР сыртқы саясат ведомствосы.

Бұрын хабарланғандай, С. Батырханованы Аустралияның Брисбен қаласында 1 қазанда өлтіріп кеткен. Қазақстанның 22 жасар азаматшасы Гриффитуниверситетінің бірінші курсында оқыған.

«Полиция күдіктіні ұстады, ол кісі өлтіргенін мойындады. 2011 жылдың 3 қазанында айыпталушының үстінен алғашқы сот отырысы өтті. Сот Тайланд тумасы болып табылатын айыпталушыны 2011 жылдың 5 желтоқсанына дейін қамауда ұстау туралы қаулы шығарды», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

СІМ ақпаратына сәйкес, С. Батырханова мен айыпталушының үш айлық ұлдары бар, ол «қазір Аустралияның әлеуметтік қызметтерінің қамқорлығына берілді».

«Қазақстанның СІМ С. Батырханованың отбасына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады», - делінген ақпаратта.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371