Сәрсенбі, 16 Сәуір 2025
2656 2 пікір 19 Наурыз, 2020 сағат 13:42

Қарулы Күштердің әскери қызметшілері блок-бекеттерді күшейтуге қатысады

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар аясында ҚР ҚК әскери қызметшілері полиция және Ұлттық ұлан өкілдерімен бірге блок-бекеттерде қызмет атқарады.

Карантиндік аймақтарға кіру мен шығудың шектелуін сақтау үшін атқарылатын бірлескен қызмет 2020 жылдың 19 наурызынан бастап Ішкі істер министрлігінің басшылығымен ұйымдастырылды.

Өткен тәулікте Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы блок-бекеттерде Қарулы Күштер әскери қызметшілері атқаратын қызметтердің ұйымдастырылуын Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаев пен ҚР ҚК Бас штабы бастығы генерал-майор Мұрат Бектанов тексерді. Тексеру барысында әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жағдайына көңіл бөлу, олардың барлық керек-жарақпен қамтамасыз етілуі, қызмет кезіндегі кез-келген жағдайда өзінің іс-қимыл тәртібін білуі басты назарға алынды.

Бұрын айтылғандай, нысандарды дезинфекциялайтын бөлімшелерден басқа Қарулы Күштерден блок-бекеттерін күшейту үшін тиісті дайындықтан өткен және осындай іс-қимылда тәжірибесі бар Десанттық-шабуылдау әскерлерінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілері, бітімгершілік полкі және әскери полиция  тартылады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1948
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4769
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3929