Өзбекстандағы акцияны елдің денсаулық сақтау министрлігі қолдады. Республикада 23 адам коронавирус жұқтырған.
Флешмобты бірнеше күн бұрын малайзиялық дәрігер Джи Тик Шенг бастады. Акцияны әлемдегі 50 мыңға жуық дәрігер қолдады.
Медицина қызметкерлері бір парақ қағазға "I stayed at work for you. You stay at home for us" ("Мен сен үшін жұмыста қалдым. Сен біз үшін үйде отыр") деп жазып, суретті әлеуметтік желілерде жариялап жатыр.
Әлемде коронавирусты 218 мыңнан астам адам жұқтырды. тоғыз мыңға жуық адам қаза тапты.
Әлемнің көптеген елінде, әсіресе Италияда, Иранда, Испанияда коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді. Бұл жағдай денсаулық сақтау жүйесіне ауыр тиіп жатыр. Көптеген елде медицина қызметкерлері демалыссыз жұмыс істеп жатыр.
Abai.kz