Гүлжан Көшерова. Ұрпақ ұсақталуының сыры неде?
Бүгінгі бала бұрынғы баладан бөлек, байқасаңыз. Ақыл-ойларына артар кінә жоқ, дегенмен ұлтымыздың ұсақталып бара жатқаны дәлелдеуді қажет етпейтіні анық. Еңсегей бойлы, қапсағай денелі алып болмай-ақ қойсын, дегенмен бүгінгі жігіттердің қыздай нәзік, тым әлжуаз екенін жоққа шығара алмаймыз енді. 70-80-жылдары мектеп бітірген түлектердің иығы қақпақтай, жұдырығы тоқпақтай, нығыз да шымыр болғанын білеміз. Ал бүгінгі бітірушілер түгіл, жоғары оқу орнында оқитын студенттердің оқушылардан айырмасы жоқ. Бойлары аласа, білектері қыздікіндей жіп-жіңішке, өте арық. Кешегі еңсегей бойлы ер Есімдей, Алпамыстай алып тұлғалыларды іздеу - жарық күнде жапырақтың арасына түсіп кеткен инені іздеумен пара-пар. Спортты жанына серік еткен жігіттердің арасында білек күші білем-білем, ұзын бойлылары бар. Бірақ өте сирек. Осы ұсақталудың астарында қандай сыр бар? Үңіліп көрелікші...
Бүгінгі бала бұрынғы баладан бөлек, байқасаңыз. Ақыл-ойларына артар кінә жоқ, дегенмен ұлтымыздың ұсақталып бара жатқаны дәлелдеуді қажет етпейтіні анық. Еңсегей бойлы, қапсағай денелі алып болмай-ақ қойсын, дегенмен бүгінгі жігіттердің қыздай нәзік, тым әлжуаз екенін жоққа шығара алмаймыз енді. 70-80-жылдары мектеп бітірген түлектердің иығы қақпақтай, жұдырығы тоқпақтай, нығыз да шымыр болғанын білеміз. Ал бүгінгі бітірушілер түгіл, жоғары оқу орнында оқитын студенттердің оқушылардан айырмасы жоқ. Бойлары аласа, білектері қыздікіндей жіп-жіңішке, өте арық. Кешегі еңсегей бойлы ер Есімдей, Алпамыстай алып тұлғалыларды іздеу - жарық күнде жапырақтың арасына түсіп кеткен инені іздеумен пара-пар. Спортты жанына серік еткен жігіттердің арасында білек күші білем-білем, ұзын бойлылары бар. Бірақ өте сирек. Осы ұсақталудың астарында қандай сыр бар? Үңіліп көрелікші...
Бүгінде әскери борышын өтеуге ниет еткен жігіттердің сыннан сүрініп, қатарға іліге алмай жүргендері көп. Бүгінде болашаққа берілер жолдама іспетті әскери билетке қол жеткізу де қиындады. Әскери-медициналық сүзгіден сүрінгендердің қатары сиреудің орнына, қалыңдап барады қайта. Биылғы күзгі шақырылымда шымыр деген жігіттеріміздің өзі шалқасынан түсті. Әскери комиссариаттың алды ығы-жығы. Жоғары оқу орындарындағы сияқты, бір орынға он адамнан келеді. Еліміздің қорғаныс саласында қызмет етуге ниет еткен 100 жігіттің тек 20-сы ғана қияметтің қыл көпіріндей болған өткелектен өтіпті. Тең жартысы да емес, бақандай 20 пайызы ғана. Әскери медицина қызметкерлерінің айтуынша, бүгінгі бозбалалардың басым бөлігі салмақ жетіспеушілігінен сүрінеді екен. Одан кейінгі кезекте майтабан, варикоздан жапа шегетіндер құрайтын көрінеді. Иә, Отан қорғауы тиіс ұрпағымыздың ұсақталып бара жатқанының астарында көп сыр жатыр, әрине. Осыдан ширек ғасыр бұрын жүрек талмасы, қан қысымы, қант диабеті дерттері ілуде бір кездесетін. Бүгінде бұл ауру жас талғамай, тым жасарып барады. Ұйықтап жатып арғы дүниеге аттанып жатқандар, жап-жас болып жүректен кетіп жатқан жігіттер көбейді. Дәрігерлер жұмбақ аурулардың көбеюінің басты себебі экология десе, екіншіден, күнделікті тұтынатын тағам түрлерінің нәрсіздігінен деп отыр. Расында, таза тағам тұтыну - бүгінде қиынның қиыны. Айнала қоршаған ортаның бәрі - у, ішкен суымыз да, жеген тағамымыз да - у. Содан келіп денсаулық нашарламағанда, қайтсін! Бастысы, балаларымызды жастайынан құнарлы тамақтандыра алмай отырғандығымызда сияқты. Денсаулыққа тигізер зардабы көп қытай тағамдарын тұтынуға мәжбүрлер көп. Одан ауру болатынын білсе де, амалы жоқ.
Ғылымға белгілі заңдылық: құнарлы топырақта өскен бидай дәнiнде адам ағзасының дамып-жетілуіне өте қажеттi мыңнан астам минерал мен дәрумен бар. Алайда сол аса қажетті құнарлылықты бүгінгі жоғары технологиямен өңдеп, «жөндеп», өз қолымызбен құртып отыр екенбіз. Атам заманғы тас диiрмендерге тартылған iрi ұндар адамға қажетті бүкіл дәруменді өтеп келген екен. Жоғары технологиямен тарттырылған ұнда қоректік заттардың 75 пайызы жұтылып, тек 20 пайыздай ғана пайдалы көзі қалады екен. Аппақ ұннан дайындалған ас атасы да, тағам түрлері де небір дерттердің ошағы болып тұр. Оның құрамындағы арттырылған көмірсутектер адам ағзасындағы ауру біткеннің қозғаушы күшіне айналады. Оны мүлдем пайдаланбау керек деп кесіп айтудың қажеті жоқ. Біз мөлшерінен асыра пайдаланған соң, асқазанда қорытылмай, шіри бастайды. Міне, осыдан келіп небір ауру біткен өрши бастайды. Тек ұн өнімдері ғана емес, асқатық майымыз да ағзаның жауы болып есептеледі. Түрлі цех, зауыттарда дайындалған өнімдердің кейбіріне «бірінші сығындыдан дайындалған» деп жазып қояды. Оны біреу түсінеді, біреу түсінбейді. Сосын оның қағаз этикеткасына да сене беруге болмайды. Күнбағыстың, мақтаның, не болмаса мақсары майының нешінші сығындыдан дайындалып жатқанын өздерінен өзге ешкім білмейді. Нәтижесінде қарапайым халық зардап шегеді. Зиянды майлардан холестерин пайда болады. Ол жүрек-қан тамырлары ауруының өршуіне әкеліп соғады. Ас атасын мол пайдаланатынымыз рас енді. Осының салдарынан жыл сайын қан айналымы жүйесi бойынша 80 мың қазақстандық көз жұмады екен. Ағзаның дамып-жетiлуi үшiн тартылған заманауи ұнда құнарлы топырақтан алынған барлық дәрумен мен минералдардың жоғалып кетуінің салдары, міне, қандай!
Одан бөлек жігіттеріміздің майтабан ауруына шалдығуының басты себебі қытай аяқкиімдерінің салдары екенін жоққа шығаруға болмайды. Расында, бүгінде әскерге шақыртылған жігіттердің үштен бірі майтабан дертінен зардап шегеді. Бұл дерттің дендеуін бала шақтан іздеген жөн сияқты. Анатомиялық өлшемдерге сай келмейтін аяқкиімді киген баланың ертеңгі күні жалпақтабандылық дертіне тұсалатыны сөзсіз. Отандастарымыздың аяғындағы шәркейлердің 75 пайызы - қысық көзділердің тауарлары. Варикоз дертіне де осы аяқкиімдердің қосар үлесі аз емес... Осының бәрі де, айналып келгенде, ұлтымыздың ұсақталуына әкеліп соғып отыр. Арада аз уақыт өткеннен кейін тіптен ергежейлілер еліне айналуымыз да бек мүмкін ғой...
Мұса Айтжанов, медицина ғылымының докторы:
- Зерттеу барысында 7 мен 10 жас аралығындағы балалардың асқазаны нанды ұзақ қорытатыны анықталды. Сол себептен де жапондық тәжірибеге сүйеніп, нанның орнын балық және сүтпен алмастыру керек.
Әрине, мұны құптайтындар да, қос қолдап қарсы болатындар да табылар. Ас атасына қарсы майдан ашқалы да отырған жоқпыз. Дегенмен ғылыми тұжырым жасау ойыншық емес. Сондықтан да бір шындықтың бар екені рас енді.
Қызық дерек
Жуырда Қазақ тағамтану академиясы нан жемеген бала ақылды болады деп, мектеп оқушыларының тамақтану рационынан нанды алып тастауды ұсынды. Алғашқы эксперимент ретінде Алматыдағы бір мектепте жаңа оқу жылынан бастап мектеп асханасының мәзірінен оны алып тастапты.
«Алаш айнасы» газеті