Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3126 0 пікір 6 Қазан, 2011 сағат 04:57

Сансызбай Нұрбаба. Астық аласапыраны кімге зиян, кімге пайдалы?

Мол астықтан қазақ үкіметінің мойны қайысып бара жатыр. Алдын ала қамданбай, құр босқа күмпілдетіп кеуде қаққан билікті биылғы күздің бітік астығы тұмсығын тасқа соққан балықтай қылып, мәңгіртіп қойды. Міне, қоғам қазір осылай ойлайды.

Ал шын мәнінде сол ғана ма? Үкімет қамсыз болды ма, әлде диқанды қолдағысы келмей ме? Астық нарығын «қолдан құбылтып» отырған алпауыттар кімге арқа сүйейді? Қойма атаулының 80 пайызын иеленіп алған ірі компаниялардың артында кімдер тұр? Міне, бұл сауалдар бәрінен де маңызды болса керек.

Орақ пен обалдың арасы

Алдымен мынаған назар аударайық: биыл астықты көп жиятын жалғыз Қазақстан ғана ма? Жоқ, әрине. Жиі-жиі қырықпышақ болып жататын Қырғыз елінің өзі 1 млн 67 мың тонна астық орып, қамбаға бастырып тастады. Бұл 2010 жылдың түсімінен 79,1 мың тоннаға артық. Ал жыл сайын Қазақстаннан әжептәуір бидай сатып алатын Әзірбайжан биыл ешкімге қол жаймауға бел буып отыр. Ресей 89-92 млн тоннаның аралығында түсім жинап, 20-22 млн тонна астық экспорттауды межелеп қойды. Бұл көрсеткіш 2009 жылы 97,1 млн тонна бидай орған орыс жұртының рекордтық көрсеткішінен кейінгі ең ірі өнімі болмақ. Демек, бітік шыққан астықты тез арада игеріп алу шаруасы жалғыз Қазақстанның басына түсіп отырған кеп емес.

Мол астықтан қазақ үкіметінің мойны қайысып бара жатыр. Алдын ала қамданбай, құр босқа күмпілдетіп кеуде қаққан билікті биылғы күздің бітік астығы тұмсығын тасқа соққан балықтай қылып, мәңгіртіп қойды. Міне, қоғам қазір осылай ойлайды.

Ал шын мәнінде сол ғана ма? Үкімет қамсыз болды ма, әлде диқанды қолдағысы келмей ме? Астық нарығын «қолдан құбылтып» отырған алпауыттар кімге арқа сүйейді? Қойма атаулының 80 пайызын иеленіп алған ірі компаниялардың артында кімдер тұр? Міне, бұл сауалдар бәрінен де маңызды болса керек.

Орақ пен обалдың арасы

Алдымен мынаған назар аударайық: биыл астықты көп жиятын жалғыз Қазақстан ғана ма? Жоқ, әрине. Жиі-жиі қырықпышақ болып жататын Қырғыз елінің өзі 1 млн 67 мың тонна астық орып, қамбаға бастырып тастады. Бұл 2010 жылдың түсімінен 79,1 мың тоннаға артық. Ал жыл сайын Қазақстаннан әжептәуір бидай сатып алатын Әзірбайжан биыл ешкімге қол жаймауға бел буып отыр. Ресей 89-92 млн тоннаның аралығында түсім жинап, 20-22 млн тонна астық экспорттауды межелеп қойды. Бұл көрсеткіш 2009 жылы 97,1 млн тонна бидай орған орыс жұртының рекордтық көрсеткішінен кейінгі ең ірі өнімі болмақ. Демек, бітік шыққан астықты тез арада игеріп алу шаруасы жалғыз Қазақстанның басына түсіп отырған кеп емес.

Шынын айту керек, биыл қазақ диқандарының дені астық оруды екі аптаға жуық кеш бастаған. Оның үстіне өткендегі жауын-шашын егіс алқабындағы қарбаластың екпінін басып, тіпті кей жерлерде мүлде тоқтатып тастады. Ал енді қанша астық орылды деген сауал туа қалса, елдің бәрі АШМ басшысы Асылжан Мамытбековтың мәліметін көлденең тартады. Министрге сенсек, егістің 80 пайызы орылған. Алайда бұл ақпаратты редакциямызға облыс-облыстан телефон қоңыраулары арқылы түсіп жатқан мәліметтер мүлде теріске шығарып отыр. Көш соңында қалған Солтүстік Қазақстан облысындағы жиын-теріннің қарқыны әлі 50 пайыз астықты орып алуға жетпеген. Аяқасты суық түсе қалса, астығын қардың астында қалдыратын аймақ, міне, осы облыс болуы әбден мүмкін екен. Ендеше орақ науқаны неге шатқаяқтап тұр деген сауалдың тууы заңды. Оның себебі екеу. Біріншісі - астықты орғанмен, қоятын орын жоқ. Екіншісі - диқан біткеннің есіл-дерті қазір орақты ауызға ұратын маңызды мәселеге ауып кеткен. Ол - Азық-түлік келісімшарт корпорациясының тізіміне тездетіп ілігу. Сөйтіп мемлекет сатып алатын 5 млн тонна астыққа үлес қосып, ақысын әр тоннасына 25 мың теңгеден санап алу.

Әйтсе де, бұл айтар ауызға оңай болғанмен, іс жүзінде қияметтің өзі болып тұр. «Азық-түлік корпорациясының аудан-аудандағы филиалдарының алды қазір құжынаған адам. Бәрінің де тізімге ілінгісі келеді. Баяғы қағазбастылық әлі жойылмаған. Тіпті осындай халық нөпірін бұлар әдейі ұйымдастырып қоятын сияқты. Әйтпесе астық сатып алу жөніндегі Үкімет қаулысы 27 тамызда шыққан. Міне, содан бері ештеңе істелген жоқ. Енді келді де, егіс басындағы жұртты есіктің алдына иіріп қойды», - дейді атын атамауды өтінген ақмолалық астық өсіруші.

Расында, қыркүйектің соңындағы деректерге қарағанда, тек Қостанай облысында ғана бұл жұмыс дұрыс жүрген де, диқандарға 290 мың тоннаның астық қолхаты берілген. Өзге аймақтарда енді-енді басталып жатыр. Неге бұлай?

Бұл сұраққа жауап беруді келесі бөлімге қалдырып, шаруалар биыл қандай шығынға батуы мүмкін екеніне тоқталайық. Егер көктемдегі тұқымның бағасын, оны себуге кеткен қаржыны, зиянкестерге қарсы шашылған дәрі-дәрмекті, шаруаның еңбегін, биылғы дүркін-дүркін көтерілген жанармайдың бағасын қосып есептесеңіз, 1 тонна бидайдың құны 140-150 долларға шығады екен. Демек, шаруаларды шығынға батып, банкрот болудан аман алып қалу үшін бүкіл астықты осы бағада сатып алу керек. Бірақ оны кім сатып алады? Үкіметтің алатыны 5 млн тонна ғана. Трейдерлер астамсып, 100 доллардан да алмай жатыр. Олай болса, тағы да шығын шығарып, астықты орып, оны қорада шіріткен дұрыс па, әлде ормай-ақ далада қалдырған жөн бе? Міне, шаруалар қазір осы мәселемен басын қатырып отыр.

Обал ма? Әрине, обал.

 

Жекеге беріп, жетістік

Қазақстандағы астық нарығын қолдан құбылтып отырған әлеуетті топтар бар, солар астықтан бизнес жасап отыр деп есептейді бірқатар сарапшылар. Олар кімдер? Мұны түсіндіру үшін астық сақтайтын қоймалардың құлағын ұстап отырған «жарты құдайлардың» кімдер екеніне назар аудару керек. Жекешелендіру кезінде мемлекет меншігіндегі элеваторлардың бәрі сатылып кеткен. Қазір қойма біткеннің 80 пайызы ірі-ірі компаниялардың қолында. Және олардың иесі болып қағаз жүзінде әлдебіреулер тіркелгенімен, нағыз иелері үкіметтің құрамында жүр, парламенттің төрінде отыр. Міне, солар өз білгенін істеп, нарықты қуыршақша дөңгелетуде. Әйтпесе әлемдік нарықта астық бағасы қазір 260-270 доллардың шамасында. Ал қазақ диқандары 100 доллардан астығын өткізе алмайды. Және бұл биыл ғана орын алған жағдай емес. Жыл сайын диқандар қойма иелеріне кіріптар болып келеді. Ендеше үкімет бұл мәселемен неге айналыспайды, элеваторларды елге ортақ ететіндей шара неге қолданбайды, тіпті қойманың бәрін мемлекет меншігіне қайтарып алатындай қаулы неге қабылдамайды? Бұл да сол астық нарығын қамырша илеп отырған дөкейлердің мықтылығын көрсетсе керек. Олар шарасыз шаруаларды қанап, астығын арзанға алғанымен қоймай, әлемдік нарықтың көтерілгенін күтіп отыр. Алпауыттарға 270 доллардың өзі аз. Сондықтан баға шегіне жете көтерілгенде, экспорттың да көлемі ұлғая түседі. Оған дейін алпауыттардың астығы сапалы қоймада сары алтындай сақтала тұрады. Ал халықтікі - «пұл болмаса, күл болсын!»

 

Шүкеевтің тактикасы

Дамыған елу елдің қатарынан үмітті, астықты держава атанғысы келетін Қазақстан әлі күнге дейін астық нарығының инфраструктурасын қалыптастырған жоқ дейтін де пікір айтылады. Неліктен? Құлаққа қонымды болу үшін бұған бір мысал келтірейік. Жуырда ҚТЖ мен АШМ арасындағы мәмілелердің берекесіздігінен астық экспорты екі аптаға қаңтарылып қапты. Нағыз керек кезінде. Диқандар астығын қайда апарарын білмей, қиналып жатқан тұста.

Неге? Мұны біреулер «вагонның бәрі астықты өңірлердегі қоймаларды босатуға жұмсалған» деп түсіндіреді. Ал келесілері «өз қалтасын ғана ойлайтын астық алпауыттары мемлекеттік ведомстволарды да өз ырқымен жүргізіп отыр» деп болжайды. Қалай болғанда да, қоймадағы өткен жылдан қалған астықты ала жаздай өзге өңірлерге жылжытып қоймағаны - министрліктің ең үлкен қатесі. Бірақ мұны мойындайтын министр, не оның қатесін бетіне басып, сылбырлығы үшін сілкіп-сілкіп алатын үкімет басшылары жоқ. Керісінше, «артық астық - зиян» деген бір ауыз сөзімен-ақ елге күлкі боп, аграрлық саладан қаншалықты хабары бар екенін аңдатып қойған Асылжан Мамытбековті қолдап-қоршап жүретіндер бар. Солардың бірі - вице-премьер Өмірзақ Шүкеев жуырда бүй деді: «Элаваторлар босайды, шаруашылықтар бидайды элеваторларға жеткізеді. Тактика дұрыс, біз жағдайдан шығатын жолды таптық».

Ендеше Мамытбеков бастап, үкімет қостаған бұл тактика - қандай тактика? Жасыратын несі бар, шенеуніктер Ресейдің астықтасығыш вагондарына сенім артып отыр. Өзімізде бары - 5200 вагон. Оның бір айдағы астық тасу мүмкіндігі 400-500 мың тонна. Енді Ресейден де осынша вагон келсе,          1 млн астық шығару дегенің сол емес пе?!

«Біз ай сайын 1 млн астық экспорттап отырамыз. Мәселені осылай шешеміз» деп күпіну - сол көршінің отарбасына сенгендіктен айтылып жатқан сөз. Алайда мұның өзі мүмкін дүние ме? Ең алдымен сауда-саттық Шүкеев айтқандай зырылдап жүріп кеткеннің өзінде, Қазақстан 10 млн тонна астықты 10 айда ғана шығара алады. Бұл - шамамен келесі жылдың шілдесі мен тамызы. Яғни, орақ басталатын уақ. Ал шенеуніктердің өз сөздеріне қарағанда, Қазақстан биыл 25 млн тонна астық орады. Сонда шешілген мәселе қайсы? Қалған 15 млн тонна астықтың үстіне келесі жылдың түсімі тағы қосылмай ма?

Мұны бір деп қойыңыз, екіншіден, қысылтаяң кезде сұраған бұйымтайдың құны қандай болады? «Русагротранс» ЖАҚ-тан 5200 вагон алып, мәселені біржолата «шешіп» тастағысы келіп жүрген біздің үкімет оның бағасы туралы ауыз ашпайды. Ресми мәліметтерден қанша үңілсеңіз де, ол туралы сынық-сүйем ақпарат таппайсыз. Есесіне орыс вагонының қызмет көрсету құны туралы дерек «Казах-зерно» сайтында жүр. Сонда қанша дейсіз ғой, тәулігіне - 50 доллар. Астық тиеп, Қазақстаннан аттанған отарбаның бір айдан ерте кейін қайтатыны жоқ. Осы уақытқа дейін қазақ үкіметі Иран, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты астық экспорттаушы елдердің басшыларымен зерновозды тездетіп қайтару жөнінде нақты бір келісімдерге де келмеген. Әсіресе Иран шекара асқан вагондарды әртүрлі сылтаумен «дөңгелекті қойма» ретінде пайдаланып қалуын қоймай келеді. Отарбаның бір айналғанының өзі бір айдан асып кету себебі осында.

Сонда әрқайсысы тәулігіне 50 доллар алатын Ресейдің 5200 вагонына бір айда қанша қаржы шығындаймыз? Салыстырмалы түрде алғанда бұл өте қымбат. «Қымбат болса да, қайтеміз енді...» дейтін шығарсыз, бәлкім. Бірақ осының өзіне қолымыз жетпей қала ма деген қауіп туып отыр. Өйткені Ресейдің анау-мынау емес, 5200 вагоны Қазақстанға жұмыс істейтіні туралы дерек астық нарығын бақылап отырған орыс сарапшыларына ұнап отырған жоқ. Олардың сөзіне сүйенген Ресей баспасөзі қазірдің өзінде шулап жатыр. Солардың бірі -«РБК daily» газеті.

Басылым былай дейді: «Ресей астығының экспорты рекордтық көрсеткішке жеткеннің өзінде 3 айда 9 млн тонна ғана астық сата алады. Сондықтан экспортты жеделдету үшін РФ үкіметі теміржол тарифтерін төмендетуді қолға алмақ. Әйтсе де алдағы уақытта ресейлік трейдерлерге үлкен бәсекелес пайда болуы мүмкін. Астық экспортының ауқымын кеңейтуді көздеген қазақтар РФ территориясы арқылы өтетін астық тасымалын субсидиялауды жоспарлап отыр. Оның үстіне олар ресейлік 5 мың вагонды арендаға алған, ал бұл вагондар жергілікті ойыншыларға аса қажет еді».

Бұған қоса басылым мақаланың тұздығы ретінде «Мысалы қазір Египет 120 мың тонна Ресей астығын сатып алса, 120 мың тонна қазақ астығын да алды» дегенді де қоса кетіпті. Мұның астарында «Енді біз қанша астық экспорттасақ, қазақтар да сонша астық сата алады, бұл бізге тиімді ме?» деген мәселе жатқаны даусыз.

Демек, қазақтың мұндай қадамы орысқа ұнай қоя ма? Әрине, ұнамайды. Тізеге басып үйренген Ресей өз вагондарын қайтарып алам десе де, түрлі сылтау тауып, өз аумағында қазақ зерновоздарын қаңтарып қоям десе де еркінде. Егер ондай жағдай туа қалса, Шүкеев тактикасының быт-шыты шықты деген сөз. Сонда еш болған еңбек, ысырап болған астық, өнбеген тірлік үшін кім жауап береді? Ешкім де. Өйткені біздің биліктің «тактикасы» сондай.

 

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT»33(116) 05 қазан 2011жыл

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364