Сенбі, 23 Қараша 2024
3776 15 пікір 21 Наурыз, 2020 сағат 16:42

Қазақтың арғы-бергі тарихы ұдайы бірігуден тұрады

Ардақты ағайын!

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дана да көреген сөзі қашанда ел рухын серпілтіп, ерекше қуат береді. Әрқайсысымызда сенім ұялатады.

Бұл жолы да осылай болды.Тұңғыш Президентіміздің жүрегінен шыққан әкелік қамқорлық лебізі жан тебірентті. Халық болып еңсеру қажеттігі жөніндегі Үндеуін толық қолдаймыз.

«Мың өліп, мың тірілген» халқымыздың тарих толқынында талай теперішті басынан өткергені ақиқат. Бәрін айтпаған кезде, әлемді дүрліктірген небір жан түршігерлік эпидемия атаулының жаңғырығы жан-жақтан дүркін-дүркін естіліп жатушы еді. Бірақ, турасын айту керек, олардың қасірет-зардабы өз эпицентрінен көп ұзай қойған жоқ.

Ұлтымыз талай мәрте сынға түсіп, аты жаман ауруларды еңсерді. Сондай зауалдардан ұрпағын аман алып шығып, кең өркен жайды. Әйтсе де, ғылым мен техниканың жоғары қарқынмен дамыған дәуірінде ұшырасқан кеселдің құр «ұшықтаумен» кетер түрі көрінбейді.Соңғы жылдары жан-жағын жайпап жүретін дүлей дауыл сықылды, аранын ашқан «пандемия» атауы жиі айтылатын болды.

«Тәжді вирус» тақырыбы – жер жүзін үрей құрсауында ұстауда. Құр талқылау болса бір сәрі, бұл індеттің жер бетіне жайылу географиясы күн санап ұлғайып, оның құрығына іліккен құрбандар саны көбеймесе, азайып отырған жоқ.

Адамзатқа бұрын-соңды болмаған ауыр салмақ түсіріп отыр.Бүгінде қасиетті Қазақстанымызға келіп жетті.Іргесі берік елдің қашанда еңсесі биік болып, ілгері басады.

Елбасы-Тұңғыш Президентіміздің салиқалы саясатының арқасында еліміз әлемдік қауымдастықта өз орнын ойып тұрып алып, қабырғалы мемлекетке айналды. Соның нәтижесінде аранын ашқан тажалды тас түйін қарсы алдық.
«Ел басына күн туса, ер етігімен су кешеді».

Президент Қ.Тоқаевтың «ә» дегеннен нақты іс-әрекетке негізделген тиянақты жоспар мен еңсеру жолдарын ұсынғаны ел ерекше сенім берді. Барша қазақстандықтар кесірлі кесапатқа қарсы бір кісідей жұмылып, жалпыхалықтық сипаттағы күреске айналдырып жіберді.

Біз күнделікті тәжірибеден көріп отырмыз, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Президент Жарлығы жарық көрген күннен бастап, өз жұмысын жаңа тұрпатқа ауыстырды.

Жоғары технологиямен жабдықталған Музей әлеуеті алғашқы күннен қашықтан қызмет жасауға толық мүмкіндік берді. Еш кедергісіз жұмыс жасап тұр.Еңбекақыда іркіліс жоқ. Жақында Наурыз мерекесі қарсаңында барлық қызметкерлер белгілі бір мөлшерде сыйақыға ие болды.

Қазақтың арғы-бергі тарихы ұдайы бірігуден тұрады. Әсіресе, қазіргідей ел басына ауыртпалық туған кезде айрықша туысқандық сезім мен темірдей берік тәртіп танытқан. Қандай қиындықты да еңсеріп, аяғын жоғары дамуға ұластырған.

Бұл жолы да сол үрдістен табыларымызға еш күмән жоқ.

Арыстанбек Мұхамедиұлы

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5510