Сейсенбі, 15 Сәуір 2025
3292 2 пікір 21 Наурыз, 2020 сағат 19:27

Облыс аумағында 20 санитарлық пост қойылады

Алматы облысында коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында Алматы қаласынан шыға берістерге тәулік бойы жұмыс істейтін 16 санитарлық пост орнатылады.

Бұл санитарлық посттарда тепловизорлары бар СЭС мамандары мен полиция жасақтары тұратын болады. Пост арқылы өтетін көліктердің барлығы дезинфекцияланады.

Дәл осындай тағы 4 пост бүгін Талдықорған қаласының маңында қойылады. Қалаға кірген адамдар арнайы сауалнама толтырады, олардың дене қызуы өлшенеді. Посттан өтетін әрбір азаматтың өзімен бірге жеке куәлігін алып жүруі маңызды.

Атап өтсек, облыс аумағындағы республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы жолдар ашық, әзірге жабылмайды.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1926
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4743
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3876