Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3105 0 пікір 6 Қазан, 2011 сағат 19:00

Ауыл шаруашылығы министрлігі асыл тұқымды мал шаруашылығын бақылауды жеке қолға беруді жоспарлап отыр

Астана. 6 қазан. ҚазТАГ - Ауыл шаруашылығы асыл тұқым өндірісі саласындағы мемлекеттік бақылау мен сертификаттауды мал шаруашылығы бірлестіктеріне беруді жоспарлап отыр, деп ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

«Бұл шаруада бізге мал шаруашылығы қауымдастықтары көмектеседі. Олар асыл тұқымды тәуелсіз бағалап және сертификат бере алады. Осы сертификат негізінде одан арғы мемлекеттік қолдау шаралары қолданылады», - деді А. Мамытбеков бейсебінді күні  V-ші азаматтық форумға қатысушылардың сауалдарына жауап беріп.

Ол қазір Қазақстанда асыл тұқымды мал өндірісін қадағалауды мемлекеттік асыл тұқымдық инспекторлар жүргізіп жүргенін атап өтті.

«Мұндай лауазым, меніңше, посткеңестік кеңістіктен басқа әлемнің ешқандай жерінде жоқ. Мал шаруашылығы күшті дамыған деген АҚШ, Австралия, Аргентина, Бразилия сынды мемлекеттерде мемлекет асыл тұқымды шаруашылықты бақыламайды», - деді министр.

Оның айтуынша, асыл тұқымды малдар шаруашылықтағы комбайн, трактор сияқты активтің түрі.

«Ешкім де комбайнға, не тракторға қандай май құйылып жүргенін бақыламайды. Ал мемлекет неге шаруашылықтардағы сұрыптау-генетикалық жұмыс қалай жүргізіліп жатқанын, бұқаларын ауыстырған-ауыстырмағанын, олар малдарын ұрықтандырғанда қандай ұрықты қолданғанын  бақылауы тиіс?», - деп налынды А. Мамытбеков.

Ол Қазақстанда асыл тұқымдық малдарға мемлекеттік бақылаудан кету керек деп мәлімдеді. Себебі «біздегі менталитеттің ерекшелігі - егер шаруа мемлекет бір нәрсені бақылап тұр десе, ол өзі оны істемей, мемлекетке арқа сүйеуге бейім».

Еске салсақ, 2012-2014 жылдары мал шаруашылығын дамытуға бюджетте Т30 млрд қарастырылған. Бұл ретте асыл тұқымдық мал шаруашылығына Т8,5 млрд бөлінген. «Қазагромаркетинг» компаниясының мәліметтерінше, трансплантацияға қажет бір эмбрион $500 немесе Т73 мың тұрады. Өз кезегінде, ұрықтың 1 дозасы $10, ал 2020 жылға қарай сұраныс  6 млн. 400 мың доза ұрық болады екен (әр сиырға 2 дозадан).

Бұрын хабарланғандай, мүйізді ірі қара мал (МІҚМ) етінің экспорты бағдарламасын іске асыру үшін алдағы 5 жылда шамамен 72 мың асыл тұқымды МІҚМ әкелінуі тиіс.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394