Ғылымға сен, ғылым құтқарады
Соңғы вирус пандемиясы тағы да бір рет көрсетті осындай апаттар алдында діни ағымдар, жамағаттар, тариқаттар, ғибадатханалар, молдалар, поптар, раввиндер, бақсы балгерлер тб бәрі де әлсіз, қолдарынан ештеңе де келмейді. Дін бизнесімен күн көріп, шіріп байып жатқан орталар бір вакцинаның жасағанын да жасай алмайды.
Сондықтан ғылым керек адамға, білім керек. Дүниежүзілік соғыстың да қажеті жоқ мына жағдайда. Бір вирус бүкіл әлемді тізе бүктірді, әлем экономикасына триллиондаған доллар шығым келді. Авиакомпаниялар құлап жатыр, туризм бітті, туризм кірістері енді жоқ. Вирустың соққысынан құтылу бірнеше жылға, тіпті ондаған жылдарға созылуы мүмкін...
Қаншама жылдар бойы айтып келемін, инвестицияны білім саласына және денсаулыққа салу керек еді деп. Білім мен медицинаға салынған инвестиция ең дұрысы, ең тиімдісі, нақты қайтарымы бар тек осылар ғана. Ал біз неше түрлі саммиттер мен сьездерге, жиналыстарға, конкурстарға миллиардтаған ақшаны шаштық, сол шексіз ақша уақытша шаралармен ұшты да кетті....
Вируспен боксшылар мен әншілер күресе алмайды, тойханалар мен мейрамханалар қайта вирустың таралуына септігін тигізеді. Вируспен тек зерттеуші ғалымдар ғана күресе алады, оларға зерттеу орталықтары, лабораториялар керек, керемет білікті мамандар керек, ең озық жабдықтар керек, жоба мен тұжырым керек, мемлекет тарапынан және жеке секторден қолдау керек.
Вирустан Шыңғыс хан да құтқара алмайды ағайындар! Тарихта өткен ешбір шешен, ешбір жырау да құтқара алмайды. Біз көп энергияны, көп уақытты, көп адами ресурсты Шыңғыс ханды қазақ қылып шығаруға жұмсадық, тиран қазақ болып шықса жербетінде жұмақ орнайды деп сенетіндер бар. Енді осы ысыраптың бәрін қоятын сын сәт туды, тезірек ес жиып, нақты істермен, пайдалы істермен шұғылданатын уақ келді. Әйтпесе құримыз...
Мұртаза Жүнісұлының әлеуметтік желідегі жазбасы
Abai.kz