Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3457 0 пікір 2 Қыркүйек, 2011 сағат 16:42

Жері күрішті, елі ырысты Қызылорда

Күн сәскеден ауғанда Президент ұшағы Қорқыт Ата атындағы әуежайға қонды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзі «Алаштың анасы» атаған Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келді. Ұлт көшбасшысының сапары «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі жобасы бойынша аймақ аумағында атқарылып жатқан жұмыстармен танысудан басталды. Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев Мемлекет басшысына «ғасыр жобасы» аясында қолға алынған іргелі шаруаларды баян етті.

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі жобасы Қызылорда об­лы­сы бойынша 15 учаскеге бөлін­ген. Жолдың ұзақтығы  812 ша­қы­рымды құрайды. 15 учаскеде 5 бас мердігер компания жұмыс істеп жатыр. Олар: «Салини» АҚ (Италия), «Аккорд Окан» БК (Әзербайжан-Түркия), «Импреза» АҚ (Италия), «Тодини» АҚ (Италия), «Азеркорпу» АҚ (Әзер­байжан). Жоба бойынша биыл 79 миллиард теңгенің жұмысын жүзеге асыру және 500 шақырым жол салу жоспарланып отыр. Жұ­мыс екпініне қарағанда, меженің  орындалатыны айқын байқалады. Бүгінде жол бойында 16 мыңнан аса адам жұмыс жасап жатыр. Одан бөлек 3 мыңдай жол-құры­лыс техникалары жұмылдырыл­ған. Сонымен қатар 18 асфальт-бетон, 6 цемент-бетон зауыттары, 13 тас ұнтақтау қондырғылары күн-түн демей жұмыс істеуде.

Күн сәскеден ауғанда Президент ұшағы Қорқыт Ата атындағы әуежайға қонды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзі «Алаштың анасы» атаған Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келді. Ұлт көшбасшысының сапары «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі жобасы бойынша аймақ аумағында атқарылып жатқан жұмыстармен танысудан басталды. Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев Мемлекет басшысына «ғасыр жобасы» аясында қолға алынған іргелі шаруаларды баян етті.

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі жобасы Қызылорда об­лы­сы бойынша 15 учаскеге бөлін­ген. Жолдың ұзақтығы  812 ша­қы­рымды құрайды. 15 учаскеде 5 бас мердігер компания жұмыс істеп жатыр. Олар: «Салини» АҚ (Италия), «Аккорд Окан» БК (Әзербайжан-Түркия), «Импреза» АҚ (Италия), «Тодини» АҚ (Италия), «Азеркорпу» АҚ (Әзер­байжан). Жоба бойынша биыл 79 миллиард теңгенің жұмысын жүзеге асыру және 500 шақырым жол салу жоспарланып отыр. Жұ­мыс екпініне қарағанда, меженің  орындалатыны айқын байқалады. Бүгінде жол бойында 16 мыңнан аса адам жұмыс жасап жатыр. Одан бөлек 3 мыңдай жол-құры­лыс техникалары жұмылдырыл­ған. Сонымен қатар 18 асфальт-бетон, 6 цемент-бетон зауыттары, 13 тас ұнтақтау қондырғылары күн-түн демей жұмыс істеуде.

Беттерін күн қаққан, ала­қан­да­рында адал еңбектің табы бар жұмысшыларға бұрылды Елба­сы. Жағдайларын сұрады. Еңбек­тің өнімділігі турасында сұрақ қойды. Еңбеккерлер жұмыстың жүйелі жүріп жатқанын, айлық­та­рының жеткілікті екенін жеткізді. Жас мамандар «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» көлік дә­лі­зінің өздеріне үлкен тәжірибе болып жатқанын мәлім етті. Кө­лік дәлізін салу барысында білікті кадрлар әзірше шетелдерден тартылып жатыр. Ал бүгінде ең­бекке білек сыбана кіріскен жастар, ертең солардай әмбебап маман болмақ. Сонда қазіргі жетіс­пеушіліктің орны толмақ. Алдағы уақыттағы ауқымды жобаларды өзіміздің адамдар іске асырады деген сөз бұл. «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» көлік дәлізінің жұ­мысымен танысып, маман­дары­мен сөйлескен Елбасы жаса­лып жатқан іске оң бағасын берді.

Бұдан кейін Мемлекет бас­шысы Сырдария ауданындағы Нағи Ілиясов ауылының әлеуметтік-эконо­микалық дамуымен таны­су­ға барды. Қызылорданың шө­лейт­ті аймақ екені ешкімге құпия емес. Дегенмен Ілиясов ауы­лына табаныңыз тисе, бұл ойдан бірден айнисыз. Өйткені ала­қан­дай ғана елді мекен жасыл желекке бөленген. Гүлдері желмен тербеліп тұр. Тал-дарақтарының асты саялы көлеңке. Ауылдың қақ ор­та­сындағы хауыздан су ат­қылауда. Мәдениет үйі қыздың жиған жүгіндей жып-жинақы. Халыққа қызмет көрсететін әм­бебап дүкені мен мейрамханасы бар. Елді нанмен қамтамасыз ететін наубайхананың орны бір бөлек. Емханада да ел үшін бар игілік жасалған. Қысқасы, көркі келіскен, салтанаты жарасқан, ме­рейі асқан ауыл.

Нұрсұлтан Әбішұлы алдымен «Әсел» сауда үйін аралады. Оның сөрелерінде жергілікті жерде өн­діріліп, өң­дел­ген ауыл шаруа­шы­лығы өнім­де­рі самсап тұр. Картоп, көкөніс секілді бақша өнім­де­рі мен ет, сүт тәрізді күнделікті өмірде пай­да­ланатын азық-түлік ауыл тұр­ғындарының қалтасына салмақ салмайтындай бағамен сатылып жатыр екен. Іші мұн­таз­дай таза, сауда жасауға ыңғайлы жасалған дүкеннен іздегеніңді табасың. Елбасы одан кейін стенд арқылы ауылдың даму ба­рысымен та­ныс­ты. Бұл жерде облыс әкімінің орын­басары Рза­құл Нұртаев Мем­лекет басшы­сына елдегі ауыл­шаруашылық саласында атқары­лып жатқан айтулы істерді баян етті. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Әбіш­ұлы ірі күріш өндіруші кәсіп­орын­дардың және ауыл шаруа­шы­лығы тауарын өң­деушілердің көрмесімен таныс­ты. Облыс әкі­мі­нің орынбасары «Абзал және К» ТС, «Рза» ЖШС, «Жер-Ана групп» ЖШС, «Ша­пағат сүт» ЖШС, «Сабыр және К» ЖШС, «Тату Агро»ЖШС, «Алжаниат» СТК, «Жан» ШҚ, «Ақбота-Бағ­дәулет» ЖК секілді кәсіпорындар жөнінде қысқаша мәлімет берді.

Сырдария ауданының әкімі Сұлтанбек Тәуіпбаев, «Абзал және К» компаниясының дирек­то­ры Абзал Ералиев және об­лыс­тық жұмыспен қамтуды үй­лес­ті­ру және әлеуметтік бағдар­ла­малар басқармасының бастығы Жазира Жылқышиева ауыл-елдің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен, мемлекет пен жеке меншік арасындағы әріптестіктің даму нәтижелерімен танысты­рып, «Жұмыспен қамту-2020» бағ­дарламасының жүзеге асы­ры­луы жөнінде баяндап берді.

Осыдан соң Мемлекет бас­шы­сы ауыл ақсақалдарымен және тұрғындармен жолықты. Елбасы елді, ең алдымен, Ораза айтымен құттықтады. Осы арада айта кетуге тиіспіз, Нұрсұлтан Әбіш­ұлы­ның  осы өңірдегі бұған дейінгі сапары Құрбан айт мерекесімен тұспа-тұс келген еді. Ел­ба­сының екі сапарының да қасиетті күндерге сәйкес келгенін жұрт­шы­лық жақсылыққа балап жатты.

- Биыл еліміздің Тәуелсіздік алғанына жиырма жыл толып отыр. Мерейлі мерекеге құр келмеу керек деген едім. Соған сәй­кес ауылдарды гүлдендіріп, абат­тандыру жұмыстарын жасап, елге жағдай туғызу қажет деп тап­сырма бергенмін. Бүгінде Тәуел­сіздіктің жиырма жылдығына орай Қазақстанның барлық ай­ма­ғындағы ауылдар түрленіп, түлеп жатыр. Сіздердің де ауыл­да­ры­ңызды көріп отырмын. Халыққа керекті жағдайдың жасалғанына куә болдым. Еліміз егемендігін енді алып жатқанда Қазақстанды «ел бола алмайды» дегендер бол­ды. Дегенмен, біз мемлекеттілігімізді қалыптастырдық. Шекара­мыз­ды бекіттік. Астанамызды ауыстырдық. Өткен ғасырда да, бүгінгі ғасырда да бірде-бір мемлекет астанасын он жылдың ішінде салып бітірмеген. Ал ол тек Қазақстанның ғана қолынан келді. Қызылорда да елмен бірге дамып келе жатыр. Бір кездері экологиялық апатты аймақ деп, Аралдың жағдайын айтатын едік. Бүгінде Аралға су барды. Айна­ласындағы көлдер толды. Ел 6 мың тоннаға дейін балық аулай­ды екен. Бұл үлкен көрсеткіш. Ал мұның бәріне біз Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізіп отырмыз, - деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Одан кейінгі сөзін Елбасы: «Халық денсаулығына да баса көңіл ауда­рып жатырмыз. Елдегі орташа жас 72-74 жасты құрауы керек деген меже қойып отырмыз ал­ды­мызға. Ол үшін ауруханалар сал­дырып, оның ішін түрлі құ­рал-жабдықтармен жабдықтадық. Осы Қызылорданың өзінде жү­рек­ке ота жасайтын орталық бар. Мұндай қай заманда болып еді? Бұйырса, алдымызда әлі талай асу мен белес бар. Ол асуды ел­дің бірлігі арқылы ғана бағын­ды­ра аламыз. Біз көпұлтты мемлекетпіз. Сондықтан қазақтың бірлігі тарқамасын»,- деп түйіндеді.

Ауыл ақсақалдары Президентке ақ алғысын жаудырды. Жас жеткіншектер ел және Елба­сы туралы өлеңдерін оқыды. Ауыл халқы Мемлекет басшысы қабылдаған бағдарламалардың арасынан «Дипломмен - ауылға» қозғалысын айрықша атап өтті. Осы жерге сондай ұранмен жұ­мыс­қа орналасқан жас мамандар да келген екен. Елбасы олармен ерекше ықыласпен сөйлесті. Жас­тардың жай-күйін, жұмыс­та­рын егжей-тегжейлі сұрады. Мамандар мемлекет тарапынан бар­лық жағдайдың жасалып жатқа­нын, көмектерін алғанын жеткізді. Сөйтіп, Нағи Ілиясов ауылын­дағы кездесу емен-жарқын, ашық әңгіме түрінде өтті.

Мұнан кейін Елбасы Сыр­да­рия ауданына қарасты Шіркейлі ауылдық округіндегі «Мәді Қа­жы» ЖШС күріш алқабында бол­ды. Ол жерде егін өнімін жинау науқанының ашылу салтанатына қатысты. Елбасы өңірдегі мал ша­руашылығы мен ауыл шаруа­шы­лығындағы іргелі істермен танысты. Мал шаруашылығының даму барысы бойынша Қызыл­орда өңірі қазір 1990 жылдың межесіне жетіп отыр. Оның үстіне Елбасы қабылдаған «Сыбаға» бағ­дарламасы бойынша да біршама малдың басы жиылды. Мәсе­лен, Қызылорда облысы осы бағ­дарлама бойынша алғашында 500 ірі қара мал сатып алуды жос­пар­лаған. Бірақ халықтың қызы­ғу­шы­лығы  артып, 1000-нан аса мал алынған. Бұл да соңғы меже емес. Бағдарлама бойынша жұ­мыс­тар әлі жалғасып жатыр. Осы арада Елбасы мал шаруашы­лы­ғын дамыту керектігін баса айтты. Елді ғана емес, көрші мемлекеттерді етпен қамтамасыз етуге Қазақстанның қауқары жететініне назар аударды.

Қызылорда күрішті аймақ. Ал ырысы мол осы өнімді жинау үшін орақ науқанының салмағы зор екендігі бесенеден белгілі. Осыған орай аймақ Украинаның «Бердянсксельмаш» зауытымен бірлесіп, күрішке қажет тех­ни­ка­ларды құрастырып жатыр. Оны­мен тікелей «Азов-Арал Агромаш» серіктестігі айналысады.

Елбасының тапсырмасына сәйкес облыста «Бердянсксельмаш» зауытымен бірлесіп «Азов-Арал Агромаш» серіктестігі құ­ры­лып, нәтижесінде, жиналған жаткалар алғашқы ораққа түскелі отыр. Бұл жұмыстарға облыстан 20,0 миллион теңге қаржы бө­лі­ніп, алғашқы 22  жатка жиналып бітті. Шара барысында «Азов-Арал Агромаш» серіктестігінің төрағасы А.Сүлейменов Елбасын құрастырылып жатқан жаткамен қысқаша таныстырды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысына Қы­зылорда облысында алғашқы жи­налған жатканың паспортын тап­сырды. Мұнан кейін, «Мәді қа­жы» ЖШС төрағасы А. Камалатдин серіктестіктің жұмысы жө­нін­де қысқаша баяндап, мемлекет тарапынан жасалынып жат­қан қолдауларға алғысын жеткізді.

Ауыл шаруашылығы өкілдері­мен кездесуден кейін Президент Нұрсұлтан Назарбаев күрішке орақ түсу рәсімін тамашалады. Дәні пісіп, мойыны иіліп, саба­ғы­мен жер сүйген күріш алқабына алғашқы комбайн да түсті. Енді, өнімді болсын деп тілейік.

Елбасының Қызылорда облы­сына жасаған жұмыс сапарының алғашқы күні осындай оқиға­лар­мен өрнектелді.

Ержан БАЙТІЛЕС.

Қызылорда облысы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371