Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 3323 0 пікір 31 Наурыз, 2020 сағат 13:27

Дағдарыс кезінде бизнес қалай әрекет етуі керек?

Нарық құлап жатқан кездегі басты мәселе - бұл дағдарыс па әлде коррекция ма, соны анықтап алу. Мен толық қолдайтын келесідей халықаралық түсінік бар: егер сатылым 25%-дан төмендесе, онда бұл - дағдарыс. Ал басқасы - коррекция.

Егер бизнесіңізде сатылым көлемі 25%-ға дейін төмендесе, сіз бақылаушы позициясын ұстанғаныңыз жөн. Әрі қарай не боларын жай ғана бақылайсыз.

Ал егер сатылым көлемі 25%-дан әрі төмендеп кетсе, онда сіздің компанияңыз дағдарыс аймағында деген сөз.

Егер сіз дағдарыс аймағына кірген болсаңыз, бірінші кезекте, шығындарыңызды азайтып, барлық даму бағдарламаларын тоқтатуыңыз керек (яғни, барлық инвестицияларды тоқтату, кәсіпорынды кеңейтпеу, жаңа қызметкерлерді жұмысқа қабылдамау, филиалдар ашпау және т.б.).
Дағдарыс кезеңіндегі сіздің басты міндетіңіз - максималды түрде өз ақшаңызды сақтап қалу.

Жасалуы тиіс келесі келесі әрекет - өз бизнесіңіздің "ақсап" тұрған бөлігін анықтау, егер бұл бір ғана бағыт немесе сегмент болса, онда реті келгенше, бұл бөлікті тез арада жабу немесе тоқтатып қойған дұрыс. Содан соң, нарықты жіті бақылауға алу керек.

Инвестиция жасау немесе жаңа бизнес ашудың қандай да бір жолын іздеудің мүлдем қажеті жоқ, өзге салаларға қаражат салмаңыз.

Осыған орай, қазір маған келіп жатқан бизнеске қатысты сауалдарға нақты жауап бере алмаймын, өйткені, бұл толық тұрлаусыздық жағдайы. Ешкім де нақты, әрі сенімді түрде ештеңе айта алмайды. Қазіргі жағдайда, сіз үшін дұрысы - қолда қалған дүниені сақтап, жақсы күндерді күту.

Марғұлан Сейсембайдың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322