Ақтөбеде мүгедектер үшін арнайы екінші үй тапсырылды
Ақтөбе. 11 қазан. ҚазТАГ - Ақтөбеде сейсенбі күні мүгедектерге арналған екінші арнайы 9 қабатты үй тапсырылды, деп ҚазТАГ тілшісі хабарлады.
Пәтер кілттерін І-ші дәрежедегі-арбалы 24 мүгедек пен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 12 отбасына Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов тапсырды.
Оның айтуынша, аталған жобаны қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен және Т332,9 млн болды.
Үйде 16 бір комнаталық пәтер және 24 екі комнаталық пәтер бар.
Үй арбалы мүгедектерге ыңғайлы болуы үшін пандуспен, кең лифтпен жабдықталған, пәтерлердегі ванна мен дәретхана бөлмелерінде тұтқалар орнатылған.
Үйдің бірінші қабатында далада жүретін арбаларды сақтайтын бөлмелер, полиция бөлімшесі, киім тігетін және протез-ортопедиялық аяқ киімдерді жөндейтін шеберханалар бар. Мүгедектерге арналған бірінші 33 пәтерлі үй 2008 жылы салынған болатын.