Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
2933 1 пікір 1 Сәуір, 2020 сағат 14:47

Сауд Арабиясы мұсылман елдерін қажылыққа жоспар құрмауға шақырды

Сауд Арабиясының қажылық және умра министрі барлық мұсылман елдерін коронавирус пандемиясы тоқтағанша Меккеге қажылыққа баруды жоспарламауды сұрады.

Биыл шілде айының соңында басталатын қажылық маусымы коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілуі мүмкін. Жыл сайын әлемнің барлық елінен 2,5 млн мұсылман Сауд Арабиясына барады.

"Әл-Жазира" телеканалының хабарлауынша, қажылық және умра министрі Мұхаммед Салех ибн Тахир "Әл-Ахбария" телеканалы арқылы елінің қажылық сапарға келушілерді қабылдауға дайын екенін, бірақ бәрінен олардың денсаулығы маңызды деп мәлімдеген.

Қазір Сауд Арабиясы елінде коронавирус анықталғандардың саны мың жарымнан асты. 10 науқас көз жұмды.

Елдің мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Мекке және Мадина қалаларына жыл сайын миллиондаған адам қажылыққа барады. Сауд Арабиясы былтыр 49 мемлекетке жаңа туристік виза енгізген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 686
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2694
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1743