Коронавирустан көз жұмғандардың мәйіті туыстарына берілмейді
Бас санитар Айжас Есмағамбетова 1-сәуір күні өткен брифингте коронавирустан көз жұмғандардың мәйіті туыстарына берілмейтінін мәлімдеді.
-Вирустан қайтыс болғандар мәйітханаға зерттеуге жіберілмейді. Туысқандарына берілмейді. Қоштасуға тек 30 минут беріледі. Ара қашықтық үш метрден кем болмауы керек. Жерлеу рәсіміне жақын туыстары мен бір дін қызметкері қатыса алады - деді ол.
Айта кетейік, 31 наурыз күні Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандарды жерлеу ережесі бекітілген еді. Арнайы бекітілген қаулыға сәйкес, егер марқұм мұсылмандық ғұрыпқа сай жерленсе, сүйекті жуу рәсімі медициналық мекемелерде өтеді. Жерлеу рәсіміне металл немесе ағаш табытпен әкелінеді. Жерлеу кезінде марқұмның бетін ашуға тыйым салынған.
Abai.kz