Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2285 0 пікір 12 Қазан, 2011 сағат 07:03

Назарбаев әлемде мемлекеттердің ядролық қауіпсіздік режимін сақтауда теңгерімсіздік бар дейді

Астана. 12 қазан. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі мемлекеттер арасында ядрорлық қауіпсіздік сақтау режимінде теңгерімсіздік барлығын айтып отыр.

«Атомнан туындап отырған қазіргі заманғы қауіп мемлекеттердің бейбіт атом энергетика саласындағы қауіпсіздік режимін сақтауда теңгерімсіздік барлығымен күрделене түсуде. Әңгіме МАГАТЭ тарабынан бейбіт атом нысандарына бақылаудың жеткіліксіздігі немесе осы мәселедегі құқықтық базаның көмескілігі туралы емес. Ең үлкен теңгерімсіздік - қауіпсіздік технологияларының мүлдем артта қалуында», - деді Н. Назарбаев сәрсенбі күні Астанада өтіп жатқан халықаралық «Ядросыз әлем үшін» конференциясында.

«Кейбір жағдайларда біз ядролық циклды коммерцияландырудан, қауіпсіздік мәселесі екінші не үшінші кезекке ығыстырылып жатқанын көріп отырмыз. Немесе, басқаша қыры - трансұлттық корпорациялардың ядролық қуатқа қызығушылығының артып отыруы бейбіт атомды пайдалану жөніндегі халықаралық конвенцияларда іс жүзінде ескерілмейді», - деп жалғастырды ол.

Мемлекет басшысы сондай-ақ, әлем қауымдастығы бейбіт атомды дамытқысы келетін мемлекеттерге әділ көзқарас қалыптастыра алмай отырғанын атап өтті. «Ядролық қаруды таратпау туралы келісімдегі ассиметриялық нормалар ядролық қаруы жоқ мемлекеттерге ғана қатысты санкцияларды қарастырады, ал басқаларына ол жүрмейді. Бұл жағдайда сенім тапшылығы үлкен проблемаға айналды», - дей келіп ол, сенімсіз ешқандай қауіпсіздік жүйесі тиімді бола алмайтынын еске салды.

0 пікір