Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2042 0 пікір 12 Қазан, 2011 сағат 07:05

ҚР президенті «Ядросыз әлем үшін» форумының қатысушыларын жаһандық антиядролық қозғалыс құру туралы жариялауға шақырды

Астана. 12 қазан. ҚазТАГ - Елена Преображенская. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ядросыз әлем үшін» форумының қатысушыларын жаһандық антиядролық қозғалыс құрылатыны туралы жариялауға шақырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Ядросыз әлемге жол ғаламшардың саналы ойлайтын адамдарының бірігуінсіз, жаһандық қатысусыз мүмкін емес. Бүгінгі күні беделді, қуатты жаһандық антиядролық қозғалыс құрған маңызды. Бұл туралы форумда жариялап, оны планетаның барлық құрлықтарында ұйымдастыруға кірісу маңызды болатын еді», - деді ол сәрсенбі күні «Ядросыз әлем үшін» халықаралық конференциясында.

Президенттің айтуынша, қозғалыстың басты мақсаты ядролық қауіппен күрестен басқа, «адамзаттың ядролық қарудың кез-келген түрлерін мүлде қабылдамау сияқты антиядролық санасын қалыптастыру» болуға тиіс.

«Мен бұл бағытта біздің астанамызда өтіп жатқан осы форумға үлкен үміт артамын», - деді мемлекет басшысы.

«Ядролық полигонды бірінші болып жапқан елдің президенті ретінде мен үшін ядросыз әлем - абсолютті саяси аксиома. Тарих сабақтарының болашаққа бағдарланса ғана мәні болады», - деді ол.

ҚР президентінің пікірінше, өткеніміз туралы естеліктер болашақта іс жүзіндегі әрекеттерге итермелеуге тиіс.

«... ХХІ ғасырда біздің балаларымыз бен немерелеріміз үшін ядролық қауіпсіздік туралы ойлау керек. Мен осы жүзжылдықты біздің планета ядролық өзін-өзі жою қаупінен арылады деп сенемін», - деп қорытындылады Н. Назарбаев.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1484
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5512