Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2898 0 пікір 12 Қазан, 2011 сағат 07:06

Тамызда ҚР халқының жан басына шаққандағы ақшалай табыстары жылдық көрсеткіште 14,5%-ға артты – статагенттік

Астана. 12 қазан. ҚазТАГ - 2011 жылғы тамызда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары алдын ала берілген деректер бойынша Т48527 құрап, 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,5%-ға артты. Нақты ақшалай табыстар 5,0%-ға өсті,делінген ҚР статистика агенттігінің ақпаратында.

Құжатқа сәйкес, 2011 жылғы тамызда орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстардың көлемі бойынша Атырау облысы, Алматы және Астана қалалары алдыңғы қатарда, мұнда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 1,7-2,3 есеге артты.

2011 жылғы тамызда табыстары ең төмен өңірлер қатарында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары белгіленді, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері республикалық деңгейден орташа алғанда 61,8% және 71,5% құрады. Сонымен бірге, халықтың нақты ақшалай табыстарының ең көп өсу қарқыны Ақмола және Қостанай облыстарында белгіленді.

2011 жылғы тамызда өңірлер бойынша атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төмен мөлшерлері арасындағы арақатынас 3,8 есені құрады (2010 жылғы тамызда - 3,7 есе).

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1167
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2691
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 809
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 781