Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1913 0 пікір 12 Қазан, 2011 сағат 07:08

Қазақстан өз аумағында ядролық отын банкін орналастыру туралы мәселенің оң шешілетініне үміттенеді - президент

Астана. 12 қазан. ҚазТАГ - Анастасия Прилепская. Қазақстан республиканың аумағында халықаралық ядролық отын банкін (ХЯОБ) орналастыру туралы мәселенің оң шешіміне үміттенеді, деп хабарлады президент Нұрсұлтан Назарбаев.

«Қазақстан МАГАТЭ қамқорлығымен жұмыс істейтін ХЯОБ депозитариі роліне өз кандидатурасын ұсынғаны белгілі. Біз бұл мәселенің оң шешілетініне үміттенеміз», - деді мемлекет басшысы сәрсенбі күні «Ядролық қарусыз әлем» халықаралық форумының аясындағы конференцияда.

Мемлекет басшысы ядросыз әлемге қол жеткізуге үндеу радиофобияны білдірмейтінін айтты. Оның пікірінше, бейбіт атомның дамуы - дамыған мемлекеттердің энергетикалық қажеттіліктерін қамтамасыз етудің жалғыз мүмкіндігі.

«Факт факт болып қалады: жердің көмірсутек қоры сарқылып келеді. Жаңартылатын қуат көздері жақын болашақта жаһандық экономиканың даму қарқыны талап ететін электр қуатының көлемін бере алмайды. Бүгінгі күні адамзаттың атом қуатынан басқа қуатты және қолжетімді қуат көзі жоқ», - деп есептейді Н. Назарбаев.

Оның атап көрсетуінше, Қазақстан үшін ядролық энергетика болашақ инновациялық кластерлердің бірі болып табылады.

«Біз уранның әлемдік қорының төрттен бөлігіне иеміз. Бізде ядролық энергетиканың ғылыми әлеуеті мен инфрақұрылымы бар. Біз халықаралық жағдайларға қарап, бейбіт атом объектілерінің жоғары деңгейдегі қауіпсіздігін қамтамасыз еттік», - деді мемлекет басшысы.

Оның ақпараты бойынша. Қазір кем дегенде 40 мемлекет бейбіт атом саласында зерттеу жүргізіп жатыр. 15 мемлекет, оның ішінде Қазақстан да, атом электр станцияларын салуды жоспарлап отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5512