Алматы облысында ҚР азаматтығын алу үшін этникалық қазақтар қолданған 80-нен астам жалған құжат алынды
Талдықорған. 12 қазан. ҚазТАГ - Алматы облысында Қазақстанға келген этникалық қазақтар ҚР азаматтағын алу үшін қолданған 80-нен астам жалған құжат алынды, деп Алматы облыстық ІІД көші-қон полициясы басқармасының бастығы подполковник Ермұрат Нұрсеитов мәлім етті.
«Жыл басынан бері Алматы облысының көші-қон полициясы қолдан жасалған белгілері бар 80-нен астам құжатты, оның ішінде туылғаны туралы куәлік, неке қиылғандығы турады куәлік, мөрі жалған шақырту қағаздары, КҚПБ жетекшілерінің жеке қолдары бар болып шықты», - деді ол сейсенбі күні өткізген баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, алынған құжаттар сараптамаға жіберілді. Тергеу алды тексеру жүргізу үшін материалдарды ІІД тексеру басқармасына жіберілді. Е. Нұрсеитовтың мәліметтерінше, 2011 жылғы 9 айда Алматы облысына 7680 этникалық қазақ келген.
Облыстық полиция ведомствосының өкілінің мәліметтерінше, Қытай мен Моңғолиядан келген этникалық қазақтар 2468 отбасының мүшелері. Олардың әрқайсысы «оралман» мәртебесін алды. «Бүгінге квота, яғни мемлекеттік жәрдемақы алу үшін мемлекеттік жәрдемақы төлеу орталығына Алматы облысының миграциялық полициясы 5206 азаматтың құжатын жіберді», - деді ол.