Үкіметтің үш адамнан артық жиналуға болмайды деген үкімі қайда?
Мына жанталасқандардың ішінде вирустық инфекциясы бар бір адам болса бітті, бәрі кетеді. Сақтану, қорғану инстинкті болу керек емес пе адамда.
Кореяда сектанттық шіркеуге жиналғандардың арасына бір ауру жұқтырған кемпір барып, содан вирус бүкіл елге тарап кетті емес пе, етек жайып. Неге біз өзгенің қателігінен сабақ алмаймыз? Міндетті түрде өз басымызды жарға соғып, қан қылып жарған соң ғана сабамызға түсеміз. Ақымақтықтың шегі бар ма өзі?
Жаңа интернет сайт жасалып жатыр, жақын күндері қосылады деп ресми хабарландыру жасалды. Неге екі-үш күн сабыр сақтамасқа? Өзін ғана емес, жақындарын да қауіп-қатерге тігіп отыр ғой мына бейбақтар.
Айтпақшы, үкіметтің үш адамнан артық жиналуға болмайды деген үкімі қайда? Неге қолданылмайды осындай жерде? Кезекті реттеп, ел-жұрттың есін жидыратын тәртіп сақшылары қайда?
Мұхтар Түменбайдың әлеуметтік желідегі жазбасы
Abai.kz