3 сәуірде қашықтан оқу мәселесін талқылаған білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари және "Қазпошта" басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов өзара меморандумға қол қойып, осылай келіскен. Бұл туралы ресми БАҚ хабарлады. Дерек бойынша, Қазақстанда интернет арқылы оқуға мүмкіндігі жоқ 20 мыңнан астам оқушы бар.
Мектеп оқушыларының деректері жергілікті білім басқармаларына беріліп, оқушылар "Қазпошта" бөлімдері арқылы оқу материалдарын алады. Қызмет көрсету тегін болады деп айтылады.
"Қазпошта" оқу материалдары мен оқушылардың тапсырмаларын уақытында жеткізіп отыру міндетін алған.
Қазақстанда 6 сәуірден бастап мектеп оқушылары қашықтан оқи бастайды. Бұған дейін бірқатар ата-аналар шалғайдағы ауылдарда интернет жылдамдығы баяу екенін, кейбір отбасылардың интернетке қосылмағанын айтып, мәселеге уайымдаған еді.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 26 наурызда онлайн өткізілетін сабақ 30 минутқа созылады деген. Оқушыларға берілетін қосымша видеосабақтар жергілікті телеарналар арқылы көрсетіледі. Биліктің айтуынша, қазір осындай 200 видеосабақ дайын. Тағы 2000-ға жуық өнім әзірленеді.
16 наурыздан бастап Қазақстанда жоғары оқу орындары, колледж студенттері де қашықтан оқуға кіріскен.Бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық жоғары оқу орындарының 30 пайызы қашықтан оқуға дейін екенін мәлімдеген.
Abai.kz