Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
3650 2 пікір 4 Сәуір, 2020 сағат 16:40

Қытайда COVID-19 құрбандарын еске алды

Бүгін Қытайда COVID-19 құрбандарын еске алды, - деп хабарлайды 24.kz.

4-сәуір – Қытайда жалпыұлттық аза тұту күні. Осыған орай, жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10-да халық коронавирустан қаза тапқандар мен індетке қарсы күресте жан тапсырған адамдардың құрметіне елдің туы төмен түсіп, 3 минут үнсіздік жариялады.

Бейжіңдегі Қазақстан елшілігі мен өзге дипломатиялық мекемелер де қайғыға ортақтасып, туларын төмен түсірді.

Жергілікті билік тұрғындарға әлі де болса қала сыртына шығып, зиратқа баруға тыйым салып отыр. Ережені бұзғандар 14 күн карантинге жабылады. Ал зират басындағы арнайы рәсімдер онлайн немесе арнайы мамандарға тапсырыс беру арқылы ұйымдастырылмақ.

Айта кетейік, Қытайда осы уақытқа дейін COVID-19 дертінен 3 мың 300-ден астам адам көз жұмды.

Ал, соңғы мәлімет бойынша, тағы 19 адам коронавирус жұқтырған.Олардың 18-і – шет елден келгендер.

Тағы бір айта кетерлігі, бұл елде осы дертке шалдыққандардың 94 пайызы сауығып шыққан. Бүгінде 1500 адам ауруханада ем-дом қабылдап жатыр.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1257
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2785
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 908
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 854