Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 9833 19 пікір 5 Сәуір, 2020 сағат 13:22

Цифрландыру - бос әңгіме, жай ғана ұрлық болып шықты

Үкіметіміз ақпараттандыру мен цифрландырудың дамуына жұмсаған қаражатқа әлемнің ең жоғары технологиялы компанияларының тізімінің жартысын құруға болар еді. Америкалықтарда "Тек су қайтқанда ғана кім дамбалсыз жүзгені көрініп қалады" деген жақсы мақал бар.

Өкінішке орай, Білім министрлігі өзінің Күнделігімен, Денсаулық сақтау министрлігі өзінің үлестес DamuMedімен, e-gov электронды үкіметі, цифрландыру деп аталатын көпжылдық бос әңгіме жай ғана ұрлық болып отыр. Алайда, Белорусь елі секілді осындай тапсырыстарды жеке IT компанияларға берсе, Қазақстанның IT секторын толығымен зор қарқынмен аяққа тұрғызуға болар еді. Олар осы жұмысты жүз, тіпті, мың есе арзанырақ жасайтындарына сенімдімін.

Көкке ұшқан қаражат, орны толмас жылдар, адасқан ұрпақ. Іс жүзінде жемқорлық - коронавирустан да мықтырақ, әрі тезірек біздің түбімізге жетеді.

Және тағы мына жайт бар, егер өз кезінде Экспо орталығының орнына ауруханалар салған болсақ, қазір бұл істі асығыс қолға алмас едік. Ақыры сол кезде қаражатты орынсыз жұмсаған екенбіз, енді соның орнын толтырып, Экспо орталығын аурухана етіп қайта жабдықтауды ұсынамын.

Және ешкімге қажеті жоқ Қаржы орталығын қуып шығу керек. Өзінің ГПФИИР, 30 корпоративтік лидер жобаларымен шалдың миын қатырған бастамашылдар мен идеологтарды сотқа тарту керек.

Марғұлан Сейсембайдың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401