Сенбі, 23 Қараша 2024
2915 2 пікір 5 Сәуір, 2020 сағат 13:41

Карантин - коронавирустың таралуын 52-ден 12%-ке дейін азайтты

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде қабылданған карантиндік шаралардың оң нәтиже бергенін атап өтті. Министр бұл туралы facebook парақшасында жазған. 

«Елімізде қабылданған қатаң карантиндік шаралар 28 наурыз бен кешегі тәулікті есептегенде коронавирус инфекциясының таралу қарқынын 52-ден 12 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Бұл өзгеріс бізге санитарлық және медициналық қызметтердің жұмыс ауыртпалығын азайтып, науқастар мен байланысқан адамдарға тиімді көмек көрсетуге мүмкіндік береді», - деді министр.

Біртановтың айтуынша, дегенмен сақтық шараларын әлі де күшейту керек. Себебі, сәуір айының алғашқы жартысында вирустың таралуы үдей түспек.

«Осы кезеңде біз шамамен 3500 жағдай тіркелетінін (қазір 551) болжаймыз. Одан ары, яғни жаз айларында эпидемиологтар эпидемия толығымен тоқтамаса да баяулайтынын күтеді. Кейбір сарапшы биылғы күзде індеттің қайталанатын жоққа шығармайды», - деді.

Министрдің мәліметінше, елімізге бүгінгі таңда коронавирустан науқастарды емдеу мақсатында 3920 инфекциялық,7300 провизорлық төсек орын дайындалған. Одан бөлек 180 ауыр науқасты қабылдауға қабілетті жансақтау бөлімшесі әзір екенін, онда 170 жасанды тыныс алу аппараты, қан оксигенациясының экстракорпоральды мембрананалы 38 аппараты барын айтты.

«Алайда пациенттер жұқпалы аурулар ауруханасында орташа есеппен 3-4 апта өткізетінін, елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз етумен айналысатын кәсіпорындар мен қызметтердің командаларында - медицина қызметкерлері, полиция, Қарулы Күштерде инфекцияның пайда болу қаупін ескергенде Қазақстанда әзірге көбірек төсек орын мен арнайы аурухана керектігі байқалады. Сонымен қатар ол ауруханалар инфекциялық қауіпсіздіктің барлық талабына сай болуы керек. Онда боксталған палаталар, вентиляцияның ерекше жүйесі, жансақтау бөліміндегі орындар болуы тиіс. Мұндай тез тұрғызылатын емханалардың Қытайда қалай пайдаға жарағанын көрдік. АҚШ пен Италия, өзге де еуропалық елдердегі қарапайым емханаларға қандай жүктеме түсіп отырғанынан да хабардармыз. Көптеген ел науқастар мен медициналық персоналдар үшін инфекциялық қауіпсіздік технологиялары сақталмаған нысандар мен спорттық құрылымдарды пайдалануға мәжбүр», - деді Денсаулық сақтау министрі.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394