Сенбі, 23 Қараша 2024
2775 3 пікір 6 Сәуір, 2020 сағат 10:32

Өзбекстан жасанды тыныс алу аппаратын жасайды

Өзбекстан словакиялық "Chirana" компаниясымен бірге жасанды тыныс алу аппаратын жасайды.

Өзбекстан инновация министрлігінің басқарма басшысы Жамолиддин Бабахановтың айтуынша, өндіріс биыл мамыр айында басталады. Зауыт Ташкент облысы Бектемір ауданында салынады. Құрылыс биыл қыркүйек айында аяқталуы тиіс.

Шетелдік компания жобаның алғашқы кезеңінде 3 млн доллар инвестиция салады. Жобаның екінші кезеңінде 5-6 млн доллар инвестиция тартылады. Зауыт 100 адамға жұмыс береді.

"Жасанды тыныс алу аппараты қазір әлемнің 12 елінде шығарылады. Мұндай зауыттың Өзбекстанда ашылуы - елдің медициналық қауіпсіздігін арттырады", - дейді "CHIRANA+" компаниясының бас директоры Василий Шимко.

Аппарат болашақта Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Ауғанстанға сатылады.

Өзбекстанда 342 адам коронавирус жұқтырған. Бұл туралы республиканың денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5396