Мәскеу мен Эр-Рияд арасындағы дау конференцияның жоспарланған уақытта өтпеуіне себеп болды. Олар мұнай бағасының құлдырауына бірін-бірі кінәлап отыр.
Форумды АҚШ президенті Дональд Трамп өткізгісі келіп отыр. Ол әлемдегі мұнай нарығы тұрақталғанын қалайды.
30 наурызда мұнай бағасы 18 жыл бұрын тіркелген ең төменгі межеге жетті. Коронавирус пандемиясы салдарынан мұнайға сұраныс күрт кеміді. Әлемде көлік қозғалысы азайып, көптеген кәсіпорын жұмысын тоқтатты.
Конференцияда мұнай экспорттаушы елдер мұнай шикізаты өндірісін шектеуге келісуге тырысады.
Abai.kz