Көлік прокуратурасы Қазақстанда жолаушылар және жүк тасымалы саласында заңның жүйелі түрде бұзылып отырғанын анықтады
Астана. 14 қазан. ҚазТАГ - Көлік прокуратурасы әуе және темір жол көліктерімен жолаушылар тасымалдауда тұтынушылардың құқығын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған заңнаманың қолднысын тексеру барысында жолаушылар және жүк тасымалдау саласында заңнаманың жүйелі бұзылып отырғанын анықтады, деп жұма күні бас көлік прокуратурасынан (БКП) хабарлады.
Көлік және коммуникация министрлігінің басшылары, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ, басқа да мекемелер, сондай-ақ авикомпаниялар мен әуежай басшылары қатысқан отырыста тасымалдау саласының заңнамасы жүйелі бұзылып отырғандығы айтылды.
Кеңеске қатысушылар авиациялық тасымалдаулардағы ең проблемалық мәселе -рейстердің кешігуі екенін атап өтті.
«Авирейстердің кешігуінен ел әуежайларында 2010 жыл мен 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында 60 мыңнан астам жолаушының құқығы бұзылды», - делінген ақпараттық баянда.
Тұтынушылардың темір жол көлігінде де құқықтары бұзылу фактілері анықталған. Мысалы, ағымдағы 7 айда жалпы ұзақтығы 1200 сағат болатын кешігудің 1 мың оқиғасы тіркелген.
«Жолаушылар тасымалдау вагондарының тозығы жеткен, олардың саны халық сұранысын қанағаттандыруға жетпейді. Жазғы уақыттары вагондарда кондиционерлер жұмыс істемейді, көп жағдайда олардың санитарлық жағдайы сын көтермейді», - делінген хабарда.

БКП қарапайым санитарлық нормалардың сақталмауынан биыл жазда Алматы-Атырау бағытындағы поездың вагон-ресторанында 39 бала уланғанын еске салды. Прокуратура мәліметтерінше, 284 вокзалдың 160 вокзалы қанағаттанарлық емес жағдайда, 32 вокзал - апаттық жағдайда. Олардың көбінде ауа желдеткіштері мен салқындатқыш жүйелері, сондай-ақ мүгедектердің қозғалуына жағдай жоқ. Жол жүру құжаттарының үнемі тапшылығы адамдарды «алыпсатарларға» жүгінуге мәжбүрлейді.
Сонымен қатар тасымалдаушылар темір жолдағы жемқорлыққа жол бермейтін, кассирлердің қатысуынсыз билеттерді электрондық терминалдармен (ұялы телефон қызметіне ақы төлейтін сияқты) сататын шетелдік тәжірибелерді енгізуге асықпай отыр
Тексеру қорытындысы бойынша барлығы қадағалаудың 100 актісі шығарылып, 200-ден астам адам жауапкершілікке тартылды, делінген хабарда.