Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1963 0 пікір 17 Қазан, 2011 сағат 12:41

Астанада «Е-жәрдем көліктері» пайда болады

Астана. 17 қазан. ҚазТАГ - Үстіміздегі жылдың желтоқсан айында Астанада жедел жәрдем көліктерін жаңа жабдықтармен және GPS-навигация жүйесімен жарақтауды қарастыратын «Е-жедел жәрдем» пилоттық жобасы іске қосылады, деп хабарлайды «Астана Innovations» АҚ баспасөз қызметі.

«Желтоқсан айында Астана қаласында «Е-жедел жәрдем»пилоттық жобасы жүзеге асырыла бастайды,ол 60 жедел жәрдем көлігін заманауи ақпараттық-аппараттық кешенмен жарақтауды қарастырады, бұл кешенге GPS-навигатор, IP-телефония, планшет түріндегі электрондық анықтамалық кіреді», - делінген дүйсенбі күні таратылған ақпаратта.

Жедел жәрдем көліктерін GPS-навигация жүйесімен жабдықтау науқастың үйіне тезірек баруға, ал IP-телефонияны пайдалану фельдшерге кезекші дәрігермен үнемі байланыста болып, бейнережимде консультация алуға, жедел операцияларға дайындалу үшін диспетчермен жедел түрде байланысуға мүмкіндік береді. Электрондық анықтамалық дәрігерлерге ауру белгілеріне нақты диагностика жасауға көмектесіп,  жағдайға байланысты жасау қажет әрекеттерге сілтеме жасайды.

Астана «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК бас дәрігері Қанат Төсекбаевтың айтуынша, бүгінгі күні елорда тұрғындарына 60 жедел жәрдем көлігі қызмет көрсетеді, олар тәулігіне 1100 шақыруға немесе жылына 300 мың шақыруға барады.

«Е-жедел жәрдем» жобасы орталықтандырылған басқаруды, сервис пен қауіпсіздіктің жаңа деңгейін қарастыратын қаланың инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған «Smart Astana» («Ақылды қала») жалпы тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылады.

«Астана Innovations» - Астана әкімдігінің құрылымдық бөлімшесі, елорданың инновациялық дамуын қамтамасыз етеді. Өкілетті мемлекеттік орган - Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының әкімшілендіруін басқару» ММ.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5530