Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2062 0 пікір 18 Қазан, 2011 сағат 03:24

Жолымбет Мәкішев. Шенеуніктердің тілін сындыратын шешендік мектебі керек

Қазақстандықтар өзара қазақ тілінде түсініспейінше, қоғамда бұра тартушылық тыйылмайды

Өгіз аяңмен болса да, біз мәселеге ұлттық мүдде тұрғысынан қарауға бет алып бара жатырмыз. Бұл бүгінгі күннің ақиқаты. «Ештен кеш жақсы» деп атқарылып жатқан шаруаға осылайша көңіл марқайтуға мәжбүрміз әзірге..Себебі, мемлекет өзіміздікі. Қазанның құлағын қайдан және қашан шығарса да қазаншының өз еркі. Ондағы кейбір кем-кетіктердің уақыт өте тігісі жазыларына иланасың.  Бұл әу баста қазаққа біткен қанағатшыл  қасиеттің бірі. Алайда, «төзім жақсы қасиет болғанымен, ұзақ төзуге тағы уақыт жоқ».  Мұндағы айтпағымыз - ұлттық мүддеде тегеуріндік танытып жүргендердің талабы қай жағынан алсақ та орынды. Себебі, асыра сілтесек те бәрібір күткендегідей емес, одан сәл төменірек нәтижеге қол жеткіземіз. Сондықтан бұл жерде ұлттық мүддеге байланысты кез-келген талап өзін ақтап шыға алады. Мемлекетте Бір тілдік орта қалыптастыру- біздің ендігі уақыт оздырмай қолға алуға тиісті мәселеміз. Қазір еліміздегі ел басқарып отырғандардың дені орысша майын тамызып сөйлегенімен, қазақшаға келгенде дегбірі қашып, ойын жинақтай алмай, өзін де өзгені де ұялтып жатады. Мемлекет саясатын жүргізіп отырған адамның мемлекеттік тілде еркін, көсіліп сөйлей алмауы масқара жәйт.

Ұлттық мүддеге қатысты істерде опық жегізіп, бармақ тістететін олқылықтар жіберіп жүргеніміз осындай шенеуніктердің кесірі. Сондықтан, әсіресе билік тұтқасындағылардың қазақ тілінде жатық сөйлеуі - мемлекеттік идеологияның өзегіне айналуы тиіс. Ойындағысын жұртқа жеткізе алмаған басшы басшы емес. Мұндай дүбәра шенеуніктер халықтың мұң-мұқтажынан алыс жатқан, ұлттық мүдде ескерілмеген дүбәра шешімдер қабылдауға ғана қабілетті. Ал, қазақтілді басшыларды қалыптастыру үшін Астанада арнайы шешендік мектебі ашылуы керек. Бұл мектеп ұлтымыздың шешендік дәстүрін оқытатын, ойды қазақша ұтымды жеткізе білудің әдіс-амалдарын үйрететін үлкен білім ошағына айналуы қажет. Ол ең алдымен мемлекеттік шенеуніктерді тәрбиелеумен айналысатын орталық болуы керек. Өйткені, жұрттың көбісі ел басқарып отырған адамдарға қарап сөз түзейді. Қазақ тілінің жатық тілге айналуы  ең алдымен осы басшылықтағыларға байланысты. Неге десеңіз, ана тілін ауырсынып, қазақша сөйлеуден жалтаратындардың қылығы төңірегіндегілерге тек жағымсыз әсер қалдырады. Бізге әрбір мемлекеттік қызметкерге тілді қаншалықты меңгергенін көрсететін арнайы сертификат алуды міндеттеу қажет сияқты. Бұл анықтама қызметке тағайындарда ескерілетін басты талаптардың біріне айналуы шарт. Тек осындай талаптармен ғана өз елінде өгей баланың күйін кешіп отырған қазақ тілінің қоғамдағы мәртебесін көтеріп,оны баршаға ортақ тілге айналдыруға болады. Сонда ғана тіл өзінің  лайықты тұғырын табады. Әрбірден кейін орыс тілі-соқа соңында жүрген мұжықтың ойды  қысқа жеткізуіне құрылған тіл. Ал Қазақ тілі батырлар мен шешендердің поэтикалық тілі. Оны-өзін Қазақстандықпын деп санайтын еліміздегі барша диаспораның қатынас құралы қылу, қоғамдағы түсіністік пен ынтымақты арттырады.. Бұқараның сонда бір идеяға, бір мақсатқа жұмыла қызмет етуі де жеңілдей түседі. Өйткені араларында алауыздық туса да бір тілде сөйлейтіндер жылдам тіл табысады. Көздеген мақсаттары да көбіне ортақ болып келеді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір