Сенбі, 23 Қараша 2024
1784 0 пікір 21 Наурыз, 2020 сағат 22:40

Кәсіподақ жастары мен «Jas Otan» жастары күш біріктірді

Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясы жанындағы Жастар кеңесі мен «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты күш біріктірді. Өткен айда Кәсіподақтар федерациясы мен «Нұр Отан» партиясы арасында өзара әріптестік және ынтымақтастық меморандумына қол қойылғаны белгілі. Федерация төрағасы, қазіргі вице-премьер Ералы Тоғжанов пен партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бастаған әріптестікті енді қос қоғамдық ұйымның жастары жалғастырып отыр.

Қарағынды облыстық Кәсіподақтар федерациясы жанынан құрылған «Келешек» Жастар кеңесі мен «Jas Otan» жастар қанатының облыстық филиалы өзара ынтымақтастық туралы келісім жасасты.

Ол бойынша алдағы уақта тараптар Қарағанды облысындағы жастар саясатын ілгерілету бойынша бастамаларды бірлесіп жүзеге асыратын болады. Атап айтқанда, «Jas Otan» жастар қанаты мен «Келешек» Жастар кеңесі өңірдегі еңбекшілердің әлеуметтік және еңбек құқықтары мәселелерін, сонымен қатар, еңбек және әлеуметтік жанжалдардың алдын алу және шешу жүйесін жетілдіру бойынша бірлесіп жұмыс жасамақ.

Сонымен қатар, Шымкентте «Jas Otan» жастар қанаты мен «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» жанындағы «Келешек» Жастар кеңесі арасында әріптестік келісім жасалған.

Келісім бойынша, тараптар жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, жас отбасыларға, студенттерге білім алуға, жұмысқа орналасуға, кәсіптік бағыт беруге, жұмыспен және тұрғын үймен қамтамыз етілуіне т.б. жастар арасында іс-шараларды өткізуге бірлесіп атсалысады.

Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар федерациясы мен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы арасында да ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Екіжақты әріптестік туралы меморандум негізінде өңірдегі еңбекші қауымның көптеген мәселелерін бірлесе талқыға салып, шешуге ықпал ету жоспарланған.

Сонымен қатар, партия құрамындағы жұмысшылардың еңбек құқықтары мен мүдделерін көздеу, еңбек нарығын қорғау бойынша бақылауды жүзеге асыру көзделген. Аталған бағытта «Татуласу орталықтары» арқылы партияның және кәсіподақтың қоғамдық қабылдауларын ұйымдастырып, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің құқығын қорғауға келіскен.  Осы орайда 2020 жылға арналған бірлескен жұмыс жоспары да түзілген екен.

Естеріңізге сала кетейік, биыл ақпанда Кәсіподақтар федерациясы мен «Нұр Отан» партиясы арасында өзара әріптестік және ынтымақтастық меморандумына қол қойылған болатын.

Мемлекет басшылығымен былтырғы, 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланғанда Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы жастарға қолдау ретінде, олардың еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін арттырып, қолдау көрсету туралы саясат ұстанған.

«Келешек» жастар қозғалысы белсенділері де  жастардың кәсіподақ жүйесіндегі ролі мен олардың аталмыш ұйыммен байланысын жақсарту жай сөз болған.

Жастардың заманауи білім мен олардың жұмысқа орналасуы, жастарға лайықты жағдай жасау мен ғылыми-техникалық әлеуетін арттыру ісінде Кәсіподақтар федерациясының һәм оның жанынан құрылған Кәсіподақ Жастары ұйымдарының атқарар рһлі ерекше болмақ.

Мемлекет басшылары да Кәсіподақтар федерациясы мен еңбек жастарына баса назар аударуға ниеттіліктерін білдірген. Әсіресе, «Қазақстанның 100 жаңа есемі», «Қазақстанның еңбек жастары» секілді бағдарламалар жастарды әлеуеттендірудің маңызды тетігі болып табылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Еріктілер жылын жариялаған жиында: «Қазақстан - жастардың мемлекеті! Олар ел дамуының қозғаушы күші! Барлық мемлекеттік органдардың негізгі міндеті - жастарға қолдау көрсету, оларға жағдай жасау, оң бастамаларына демеу беру», деген болатын.

Сондай-ақ, Президент өз сөзінде «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында жастардың бизнес бастамаларын дамыту, сол арқылы экономиканың негізгі секторындағы стартап жобаларға қолдау көрсетудің маңыздылығына тоқталған. Әсіресе, қызметі мен білі жоқ немесе жұмыс тәжірбиесі жоқ жастарға Мемлекет тарапынан қолдау жасалуы тиіс деген болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1485
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5514