Сенбі, 23 Қараша 2024
2160 0 пікір 4 Наурыз, 2020 сағат 13:47

Литвада Әбу Насыр әл-Фараби орталығы ашылды

Литва астанасындағы Ұлттық қауымдар үйінде «әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фараби атындағы орталық ашылды.

Ашылу салтанатына Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің, Литвадағы Қазақстан Елшілігінің және Литва Үкімет жанындағы аз ұлттар мәселесі жөніндегі арнайы департаменттің басшылары, Ұлттық қауымдар үйінің директоры мен «Нұрсәуле» Литва қазақтары қауымдастығының төрайымы мен литвалық түркітанушылар қатысқан.

Салтанатты жиынды Қазақстанның Литвадағы Төтенше және өкілетті елшісі Марғұлан Баймұхан ашып, әл-Фарабидің ғылымның көптеген саласына қосқан үлесі жайында баяндап берді.

Айта кеетйік, аталған орталық Литваның Ұлттық қауымдар үйінде, «Нұрсәуле» қазақтар қоғамында ашылып отыр. Онда келушілер Шығыстың ұлы ойшылының ғылыми еңбектерімен ғана емес, қазақ мәдениеті, салт-дәстүрінмен де жақынырақ таныса алады. Бұл орталықтың тағы бір миссиясы – екі ел – Қазақстен мен Литва арасындағы мәдени байланысты арттыру болып табылады.

Айта кетейік, әл-Фарабидің есімі орта ғасырлардағы араб философиясының қалыптасуымен және дамуымен тікелей байланысты. Қазақ даласының ұлы, Аристотельдің ізбасары, «әлемнің екінші ұстазы» атанған әл-Фараби өз заманның дарынды ойшылы және ғұлама ғалым.

Биыл әл-Фарабидің 1150 жылдығы елішілік һәм халықаралық деңгейде аталып өтілмек. Ғалым мерейтойын жоғарғы деңгейте атап өту туралы бастаманы Мемлекет басшысы көтерген болатын.

Ал былтыр тамыз айында Мемлекет басшысы арнайы жарлық шығарып, әл-Фарабидің 1150 жылдығын тойлаудың дайындығы басталып кеткен болатын. Онда 2020 жылы өтуі тиіс іс-шараларға қатысты әл-Фараби мерейтойына дайындық пен өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру жайы айтылған.

Сонымен қатар, Ұлы ғалым, ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің мерейтойы ЮНЕСКО-ның ұмытылмас күндер мен оқиғалар күнтізбесіне енген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377