Жұма, 18 Қыркүйек 2026
4070 1 пікір 13 Сәуір, 2020 сағат 16:00

Ақмола облысында коронавирустан бір адам қайтыс болды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ақмола облысында коронавирустан бір науқас көз жұмғанын мәлімдеді.

Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілі қайтыс болған адам туралы ақпарат берді.

"Бұл 1936 жылғы ер адам. Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қамқорлығында болған. 5 сәуірден бастап Көкшетау темір жол ауруханасының провизорлық стационарында карантинде болған.

9 сәуірде Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерге емдеуге жатқызылды. Жағдайы өте ауыр, ИВЛ аппаратында болды.

Диагноз: ауыр дәрежедегі екі жақты жаппай пневмония, вирустық этиологияның жіті ағымы", - делінген хабарламада.

Қосымша аурулары: артериялық гипертензия, СОӨА, жүректің ишемиялық ауруы.

Айта кетейік, бүгінде елімізде аталған вирустан  жазылғандар саны 110-ға жетті.

Нұр-Сұлтан қаласында 5 адам, Атырау облысында 3 адам, Қызылорда облысында 1 адам, Маңғыстау облысында 1 адам аурудан айықты.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1311
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2877
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 967
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 902