Жексенбі, 24 Қараша 2024
5065 9 пікір 14 Сәуір, 2020 сағат 17:04

Қазақстанда төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы төтенше жағдайды ұзарту туралы Қаулыға қол қойды,- деп хабарлайды akorda.kz

«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы төтенше жағдайдың қолданысы 2020 жылғы 1 мамырдағы 07 сағат 00 минутқа дейін ұзартылсын» делінген хабарламада.

Бұған дейін Президент карантин мерзімі сәуірдің аяғына дейін созылатыны туралы мәлімдеген болатын.

«Біз әлі коронавирус індетінің жаппай таралу шегінінен өткен жоқпыз. Эпидемия жағдайында бәсеңсуге болмайды. Сондықтан астана, Алматы мен Шымкент қалаларында және облыстарда карантин режимін сәуірдің соңына дейін ұзартуды тапсырамын.

Білемін, бұл шешім көпке ұнай қоймайды. Себебі, халық сыртқа шығып, бұрынғыдай қалыпты өмір сүргісі келеді. Бірақ, карантин ережесін сақтағаннан басқа амал жоқ. Бұл отандық және халықаралық вирусологтардың кеңесі", - деген болатын.

Айта кетейік, бүгінде соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны - 1179-ға жетті. 142 адам жазылып шығып, 14 адам қайтыс болған.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543